22.05.2008, 14:15 3303

Үкімет импорттық жылыжай мен жылыжай жабдықтары үшін салық жеңілдіктерін жасауға дайын-Күрішбаев

Үкімет импорттық жылыжай мен жылыжай жабдықтары үшін салық жеңілдіктерін жасауға дайын-Күрішбаев

Астана. 22 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет импорттық жылыжай мен жылыжай жабдықтары үшін салық жеңілдіктерін жасауға дайын. Бұл туралы бүгін АШМ коллегиясында ведомство басшысы Ақылбек Күрішбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Үкімет жылыжай шаруашылығын дамыту үшін импорттық жылыжай мен жылыжай жабдықтарын кедендік баж салығынан босату жөніндегі шараларды қолға алып, оларды ҚҚС босатылатын импорттық заттар тізіміне енгізді", -деді А. Күрішбаев.

"Мемлекет ауылшаруашылық өндірісшілерге қолдау көрсетіп, салық жеңілдіктерін беріп отыр ", -деп толықтырды ол.

Министр еске салғанындай, биылғы жылы "ҚазАгро" ұлттық холдингтің қаржысы есебінен елімізде 60-қа жуық жылыжай шаруашылықтары құрылады. Олардың құрылысын тұрғызу үшін арзан несиелер бөлініп отыр".

"Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, өткен жылы 19 жылыжай тұрақты түрде жұмыс істеп, онда шығарылған көкөніс үлесі 0,2 % құраған. Ал дамыған елдерде оның деңгейі 5-6% жетеді, мысалы Ресейдің өзінде ол 3,5% құрайды. Сондықтан ерте көктемде елді көкөніспен қамтамасыз ету үшін биылғы жылы жоспарланған жылыжай құрылыстарын аяқтау қажет", - деп қорытындылады А. Күрішбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны