09.02.2010, 12:35 1929

Үкімет Қазақстанды 2020 жылға дейін дамытудың жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын бекітті

Үкімет Қазақстанды 2020 жылға дейін дамытудың жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын бекітті

Астана. 9 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін өткен үкіметтің отырысында министрлер кабинетінің мүшелері Қазақстанды 2020 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарын жүзеге асыруға бағытталған жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын бекітті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтановтың түсіндіруінше, бұл жұмысқа елдің барлық өңірлері жұмылдырылады және олар "1 маусымға дейін Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне аумақтарды дамыту бағдарламаларын енгізуге тиіс, олар Қазақстанды 2020 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарын жүзеге асыруға лайықталған және соған бағытталған болуға тиіс".

Бақыт Сұлтановтың айтуынша, жобаның аясында "арнаулы экономикалық аймақтар туралы жаңа заң жобасы, елімізді 2020 жылға дейін ғылыми-техникалық дамытудың салааралық жоспары жасалады".

Бұған қоса "елдің бюджеті түзетіледі", - деді экономика министрі.

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың хабарлауынша, бүгін Қазақстанды 2020 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарын жүзеге асыруға бағытталған жалпыұлттық іс-шаралар жоспары мемлекет басшысының бекітуіне жіберіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны