15.02.2010, 14:55 3344

Үкімет Құмкөл - Қызылорда жоғары вольтты желі тарту мүмкіндіктерін қарастыруда

Үкімет Құмкөл - Қызылорда жоғары вольтты желі тарту мүмкіндіктерін қарастыруда

Астана. 15 ақпан. Kazakhstan Today - ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне Құмкөл - Қызылорда бағытында жоғары вольтты желі тарту мүмкіндіктерін қарастыру жөнінде тапсырма берілді. Бұл туралы еліміздің индустрия және сауда министрі Исет Исекешев бүгін үкіметте өткен селекторлық жиын барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қызылорда облысы бойынша Ақшабұлақ ГЖЭС салу жобасы бойынша бірқатар сұрақтар қойылды. Бұл жобаның бастамашылары электр қуатын Қарағанды облысына жеткізу қажет деген пікірде. Ал осы уақытта Қызылорда облысының өзі мен еліміздің оңтүстік өңірі одан тапшылық көруде", - деді И. Исекешев.

Осыған байланысты, оның айтуынша, " ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне Құмкөл - Қызылорда бағытында жоғары вольтты желі тарту мүмкіндіктерін қарастыру жөнінде тапсырма берілді. Бұл жалпы қуат тапшылығы, еліміздің оңтүстік өңіріндегі қуат тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны