19.10.2009, 14:59 3185

Үкімет Құнсызданған активтер қорының қаржысын экономиканы қолдауға бағыттауға шешім қабылдады

Үкімет Құнсызданған активтер қорының қаржысын экономиканы қолдауға бағыттауға шешім қабылдады

Астана. 19 қазан. Kazakhstan Today - Үкімет Құнсызданған активтер қорының қаржысын экономиканы қолдауға бағыттауға шешім қабылдады. Бұл туралы бүгін республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов "Нұр Отан" ХДП фракциясының мәжілісі барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Жуырда ғана біз бір маңызды шешім қабылдадық, Құнсызданған активтер қорының қаржысын экономиканы қолдауға бағыттау туралы шешім шықты. Қор қаражаты өңдеу өнеркәсібі саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлерді несиелендіруге, үлестік құрылысқа қатысушыларды қолдауға жұмсалады",- деді Кәрім Мәсімов.

"Қор қаражатынан 20 млрд теңге мен банктер тарапынан бөлінетін 8,5 млрд теңге өңдеу өнеркәсібіндегі стандартты несиелерді жылдық 8% ставкамен несиелендіруге жұмсалады", - деді премьер. Оның бағалауынша, "бұл - нарықтық ставкадан шамамен екі есе төмен. Дағдарыс жағдайында мұндай несиелік ставка ТМД аясындағы ең төмені болып саналады".

Оның айтуынша, өңдеу өнеркәсібіндегі лизингтік сауда-саттықтарды қаржыландыруға 2 миллиард теңге жұмсалады. Ставка тағы да 8% деңгейінде белгіленген. Қордың 20 млрд теңге көлеміндегі қаражаты Қазақстанның Даму банкіне беріледі, ол өз кезегінде 50 млрд теңгені жылдық 8% өсіммен өңдеу өнеркәсібіндегі ұзақ мерзімді жобаларды қаржыландыруға бағыттайды. Қор тағы да 30 млрд теңгені Астана мен Алматыдағы проблемалы нысандардың құрылысын аяқтауға жұмсайды, соның арқасында 2,5 мыңнан астам үлескердің тағдыры шешіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны