13.02.2007, 11:09 2700

Үкімет мұнай өнімдерінің тиімді рыногын қалыптастыру үшін кешенді шаралар қолдануға тиіс - вице-премьер

АСТАНА. 13-ақпан. Kazakhstan Today. Үкімет мұнай өнімдерінің тиімді рыногын қалыптастыру үшін кешенді шаралар қолдануға тиіс. Бұл туралы үкімет басшысының орынбасары - экономика және бюджетті жоспарлау министрі Аслан Мусин бүгін үкіметтің отырысы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Мұнай өнімдерінің тиімді әрі ашық рыногын қалыптастыру үшін кешенді шаралар қолдану қажет, соның ішінде оларды міндетті түрде биржада саудалау ережесін енгізу дұрыс",- деді А.Мусин.

"Бұған дейін біз экономикалық және әлеуметтік маңызы бар деп аталған мұнай өнімдері бағасының өсуін әлемдік баға конъюнктурасымен түсіндіріп келдік. Осы орайда бұл өсімге көлемі жыл өткен сайын күрт өсе түскен бюджеттік субсидия көлемінің өсуі қалай әсер ететіндігіне талдау жасалынбады",- деді вице-премьер.

"Мұнай өнімдерінің құнын мемлекет тарапынан бөлінетін субсидиямен өтеу мұнай өңдеуші кәсіпорындар үшін өздері өңдейтін өнімге бағаны көтеруге ықпалын тигізетін бір себеп болып табылады",- деді А.Мусин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны