18.10.2016, 19:49 4738

Үкімет отырысында елдімекендерді сумен қамтамасыз ету мәселесі қаралды

Қ. Бишімбаев сондай-ақ биыл "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы және Өӊірлерді дамыту бағдарламасы бойынша 75 жобаны жүзеге асыру үшін 62,1 млрд теӊге бөлінгенін, 2017 жылы 153 жобаны жүзеге асыруға 53 млрд теӊге қарастырылғанын айтып өтті.

Астана. 18 қазан. Kazakhstan Today - Үкімет отырысында елдімекендерді сумен қамтамасыз ету мәселесі қаралды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Ақ бұлақ" бағдарламасын жүзеге асыру арқылы қазақстандықтардыӊ орталықтандырылған сумен қамтылуға қолжетімділігі артты, деді ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Үкімет отырысында азаматтардыӊ орталықтандырылған сумен қамтылуға қолжетімділігін арттыру бойынша "Ақ бұлақ" бағдарламасын жүзеге асыру нәтижелері туралы өз сөзінде.

"2011-2015 жылдар аралығында "Ақ бұлақ" бағдарламасыныӊ жүзеге асырылу кезеӊінде халықтыӊ орталықтандырылған сумен қамтылуға қолжетімділігі қалаларда 87%-ға дейін, орталықтандырылған су бұруға қолжетімділігі 82%-ға дейін артты. Барлығы бағдарлама аясында қалалар мен ауылдарда сумен қамту және су бұру салаларында 1 493 жоба жүзеге асырылды", - деді министр.

Қ. Бишімбаев сондай-ақ биыл "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы және Өӊірлерді дамыту бағдарламасы бойынша 75 жобаны жүзеге асыру үшін 62,1 млрд теӊге бөлінгенін, 2017 жылы 153 жобаны жүзеге асыруға 53 млрд теӊге қарастырылғанын айтып өтті.

Бұдан өзге, министр сумен қамту жүйесін дамытуға бюджеттен тыс қаражат тарту бойынша тетіктер табысты жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеді. Бүгінде ҚР-да халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.

ҚР ҰЭМ облыс орталықтары мен ірі қалаларды сумен қамту саласында МЖИ қағидаттарын қолдануды ұсынды.

ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Үкімет отырысында облыс орталықтары мен ірі қалаларды сумен қамту саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қағидатын енгізуді ұсынды.

"Облыс орталықтары мен ірі қалаларды сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін аймақтық су арналарын бірыӊғай операторға беруді қарастыру ұсынылады, бұл оператор тәжірибелі әрі білімді техникалық серіктесімен бірлесіп басқаруды жүзеге асырады. Сондай-ақ, "Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы" Заӊмен қарастырылған тетіктері арқылы шығындары өтелетін, инвестициялық мүмкіндіктері бар жекеменшік серіктесті тартуды жөн санаймыз", - деп хабарлады Қ. Бишімбаев.

Министрдіӊ айтуынша, жекелеген су арнасыныӊ ерекшеліктеріне орай инвестициялық шығындарды қайтарудыӊ тиімді тетігін әзірлеу қажет, соныӊ ішінде тариф арқылы төлеу, инвестициялық шығындарды тікелей өтеу және мемлекет көмекқаржысы арқылы өтеу.

Үкімет отырысы барысында ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ауылдық жерлерді сумен қамту саласы бойынша бірқатар мәселелердіӊ алдағы шешім жолдарын мәлімдеді.

"Біріншіден, елді мекендердегі су каналы басқармасын оӊтайландыру үшін, топтық су тартқышқа "біріктіру" үшін олардыӊ "Қазсушар" РМК бірыӊғай басқармасына жіберілген хабарламасын қайта қарау ұсынылып отыр. Екіншіден, "жекеленген" су каналдарыныӊ шығынын оӊтайландыру мақсатында сумен жабдықтау операторларын кеӊейту мүмкіндігін қарастыру ұсынылады. Оныӊ қатарында ауылдық су каналдарын неғұрлым ірілеулеріне жалғау қарастырылды. Үшіншіден, "Ақ бұлақ" бағдарламасында қарастырылған, алайда жүзеге асырылмаған жүйелік және кешендік амалдарыныӊ принциптерін қайта қолға алу маӊызды деп есептейміз", - деді министр.

Сонымен қатар, Қ. Бишімбаев осы жұмыс аясында ауылдық жерлерді олардыӊ алшақтығы, халқыныӊ саны және экономикалық сәйкестігі бойынша орталықтандырылған су жүйесімен қамтамасыз ету өлшемдерін қайта қарау ұсынылып отырғанын атап өтті.

2016 жылы 480 ауылдыӊ жерасты суларын іздеу-барлау жұмыстары аяқталатын болады, деді ҚР инвестициялар және даму министрі Жеӊіс Қасымбек Үкімет отырысы барысында еліміздіӊ елді мекендерін сумен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндамасында.

Ж. Қасымбек іздеу-барлау жұмыстары елді мекендерді жерасты сулары қорларымен қамтамасыз ету үшін жүргізіліп жатқанын хабарлады. 2002-2010 жылдарға арналған "Ауыз су" бағдарламасы аясында 576 ауылға іздеу-барлау жұмыстары жүргізілді.

"2012-2015 жылдары 1 301 ауылға іздеу-барлау жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар пайдалану мерзімініӊ аяқталуына байланысты 105 су көзіне қорлар қайта бекітілді. 2016 жылы 480 ауыл жұмыстары аяқталып, 35 су көзініӊ қорлары қайта бекітіледі. Жергілікті атқарушы органдар жұмыстарды аяқтаған соӊ Инвестициялар және даму министрлігіне жерасты суларыныӊ қорларын бекіту үшін есеп беретін болады. 2017 жылдан бастап іздеу-барлау жұмыстарын жүргізуге қажетті қаражат жалпы сипаттағы трансферт түрінде тікелей жергілікті атқарушы органдарға жіберіледі", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны