14.05.2014, 22:04 3809

Үкімет пен Есеп комитеті 2013 жылғы Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті таныстырды

Есеп комитетінің бағалауынша, жалпы алғанда, Үкімет республикалық бюджет түсімдерінің шекті параметрлерін, сондай-ақ шығыстар бойынша алған міндеттемелерін орындады, деп Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлады. Сонымен бірге, бюджетті қалыптастыру және атқару барысында жекелеген кемшіліктерге жол берілгені атап өтілді.

Алматы. 14 мамыр. Kazakhstan today. Бүгін Мәжілісте Үкімет пен Есеп комитеті 2013 жылғы Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті таныстырды.

Қорытынды есептер мен құжаттар қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарақұсованың жүргізуінде болды.

Сондай-ақ, есеп жөнінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары- Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов пен Есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин баяндама жасады.

Республикалық бюджетке 2013 жылда 5 272,4 млрд.теңге немесе жоспарға 100,6% түсті.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері 2013 жылы 3 991,6 млрд.теңгеге толықтырылды және 2014 жылғы 1 қаңтарда 13 026,1 млрд.теңгені құрады, оның ішінде инвестициялық кіріс 559,3 млрд. теңге сомасында. Негізгі үлесті (85,1 %) мұнай секторынан түсетін тікелей салықтар құрады.

2013 жылғы республикалық бюджеттің шығыстары 99,3%-ға немесе 5 990,5 млрд. теңге сомада атқарылды. 2012 жылмен салыстырғанда шығыстар 194,8 млрд. теңге өсті.

Есеп комитетінің бағалауынша, жалпы алғанда, Үкімет республикалық бюджет түсімдерінің шекті параметрлерін, сондай-ақ шығыстар бойынша алған міндеттемелерін орындады, деп Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлады. Сонымен бірге, бюджетті қалыптастыру және атқару барысында жекелеген кемшіліктерге жол берілгені атап өтілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны