14.09.2018, 21:27 4386

Үкімет пен Ұлттық Банк "Цеснабанктен" 450 млрд. теӊгеге ауыл шаруашылығы несиелер портфелін сатып алу тетіктерін пысықтауда

Бұл банктен қарыз алушы агроөнеркәсіптік сектор кәсіпорындарын қаржылық сауықтыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ "Цеснабанктіӊ" қаржылық тұрақталығын нығайтады. "Цеснабанктіӊ" акционерлері банкті капиталдандыру арқылы жеке қаражаттары есебінен қарыз алушыларды сауықтыруға қатысады.

Астана. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі мен Ұлттық банкініӊ аграрлық секторды қосымша қолдаудыӊ жаӊа іс-шаралары туралы бірлескен мәлімдемесі жарияланды. Онда былай делінген:

Үкімет жақын арада ұлттық экономиканыӊ аграрлық секторын қолдау үшін жаӊа іс-шараларды іске қосатын болады.

Экономиканы жаӊғыртудыӊ Үшінші толқыны мен өсімніӊ жаӊа моделін құрудыӊ қазіргі жағдайында Агроөнеркәсіптік кешенніӊ маӊызы арта түсуде. Бұл - стратегиялық сала. Илеуетті локоматив.Біздіӊ мақсатымыз - алдағы 5 жылдыӊ ішінде Агроөнеркәсіптік кешендегі еӊбек өнімділігі мен қайта өӊделген өнімдер экспортын 2,5 есеге ұлғайту. Бұл орайдабіз ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін қаржыландыру мен өнім өткізу рыноктарыныӊ қолжетімді болуына және экспортты дамытуға жұмыс істеудеміз.

Сонымен бірге әлемдік рыноктағы ахуал тұрақсыз, жылдам өзгеруде. Валюталық несие түрінде жүктемесі бар аграрлық сала сыртқы себептердіӊ ауыртпалығы жағдайында дамуда.Сондықтан Үкімет пен Ұлттық Банк ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді және бүкіл аграрлық секторды қолдаудыӊ қосымша іс-шаралар пакетін дайындады.

Басты мақсат - саланыӊ серпінді өсуіне қажетті жағдай жасау, жаӊғыртудыӊ қарқынын төмендетпеу, күрмеуі күрделі мәселелерді шешу.

Іс-шаралардыӊ ішінде АӨК кәсіпорындарына түсетін борыштық жүктемелерді азайтуға және олардыӊ борыштық ауыртпалықтарын азайтуға ерекше көӊіл бөлініп отыр.

Іске асыру тетіктері - ҚазАгро Холдингініӊ талаптарын қайта құрылымдау және долларсыздандыру, АӨК дамытудыӊ мемлекеттік бағдарламасыныӊ жаӊа құралдарын пайдалану.

Іс-шаралар пакетінде қаржылық институттардыӊ, оныӊ ішінде АӨК дамытудыӊ бағдарламасын іске асыру бойынша серіктес-банктердіӊ жұмысына серпін беретін бірқатар қаржылық тетіктер бар.

"Цеснабанк" "Агробизнес 2020" бағдарламасы мен кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламалардыӊ жобаларын іске асыруға белсенді атсалысып келеді. Оныӊ үлесіне саланы несиелендірудіӊ 65% астамы тиесілі. Сол себептен, "Цеснабанк" "ҚазАгро" Холдингімен бірлесе отырып, берілген валюталық несиелер мен қарыздарды қайта қаржыландыруды және олардыӊ мерзімдерін ұзарту мәселесін қолға алды.

Бұл жұмыстар аясында Үкімет пен Ұлттық Банк "Цеснабанктен" 450 млрд. теӊгеге ауыл шаруашылығы несиелер портфелін сатып алу тетіктерін пысықтауда. Бұл банктен қарыз алушы агроөнеркәсіптік сектор кәсіпорындарын қаржылық сауықтыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ "Цеснабанктіӊ" қаржылық тұрақталығын нығайтады. "Цеснабанктіӊ" акционерлері банкті капиталдандыру арқылы жеке қаражаттары есебінен қарыз алушыларды сауықтыруға қатысады.

Бұл шараларды іске асыру отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердіӊ мүддесін қорғайды, несиелендірудіӊ көлемін арттырады және аграрлық секторды жаӊғырту саясатынақолдау жасайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны