21.05.2009, 10:29 1334

Үкімет резервіндегі қаржыны пайдалану кезінде 2007-2008 жылдары жалпы сомасы 2 млрд теңге мөлшерінде қаржылық заң бұзушылыққа жол берілді - Есеп комитеті

Үкімет резервіндегі қаржыны пайдалану кезінде 2007-2008 жылдары жалпы сомасы 2 млрд теңге мөлшерінде қаржылық заң бұзушылыққа жол берілді - Есеп комитеті

Астана. 21 мамыр. "Қазақстан Бүгін"- Үкімет резерві қаржысын пайдалану кезінде 2007-2008 жылдары жалпы сомасы 2 млрд теңге мөлшерінде қаржылық заң бұзушылыққа жол берілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Есеп комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Есеп комитетінің бағалауы бойынша, үкімет резервінің шектеулі көлемін анықтау тәртібі Бюджеттік кодексте белгіленбеген. Бұл кезекті қаржылық жылға арналған республикалық бюджет жобасын құрастыру кезінде резерв көлемін алдын ала қарастыруға, бюджеттік шығындарды білдірмеу үшін жеткілікті түрде үкіметке мүмкіндік береді.

Комитеттің хабарлауынша, тексеру көрсеткендей, үкімет резерві қаржысын қалыптастыру мен пайдалану кезінде белгіленген тәртіп сақталмайды.

"Дәлелді есептеулердің жеткіліксіз негізінде үкімет резервінен қаржы бөлу фактілері орын алған. Нәтижесінде алушылар есептеулер мен қаржы белгілеуді өзгертеді. Бюджеттік қаржы әкімшілері қажетті қаржы көлемін көтереді",- делінген хабарламада.

Сонымен, қаржылық бақылау органының мәліметінше, тұрғын үй объектілерінің аяқталмаған құрылысына бөлінген үкімет резерві қаржысын пайдалану кезінде Астана мен Алматы үлескерлерінің қатысуымен анық емес есептеулар мен негіздеулер қолданылды.

"Мемлекеттік сараптамадан өткізілген жобалау-сметалық құжаттардың, тіпті нобайлық жобалардың толық жиынтығы болған жоқ. Тергеу сияқты, келелі мәселелі құрылыс объектілерінің тізбелері бірнеше дүркін қайта қаралды. Сондай-ақ, сметалық құнның көтерілу фактілері белгіленді. Бақылау сәтінде аталған объектілер бойынша үлескерлерге тұрғын үй беру механизмі жетілдірілмеген. Соның салдарынан 2 мыңнан аса үлескерлер тұрғын үймен қамтамасыз етілген жоқ",- деп хабарлайды Есеп комитеті.

"2007-2008 жылдарға, жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша жоспарланған қаржының болуына қарамастан, қосымша үкімет резервінен үлестік мақсаттарды іске асыруға жалпы сомасы 3,4 млрд теңге қаржы бөлінді. Одан басқа, еліміздің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын отынмен қамтамасыз етуге үкімет резервінен 14 млрд теңге бөлінді. Ийтсе де, аталған соманы республикалық бюджет шеңберінде қарауға болатын еді", деп санайды комитеттегілер.

Есеп комитетінің мәліметіне сәйкес, 2008 жылы резервтен әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимыл жоспарын іске асыруға 162 млрд теңге бағытталып отыр, оның 122,9 млрд теңгесі, немесе 75%-ы заңды тұлғалардың жарғылық капиталын ұлғайтуға арналып бөлінді. "Қаржы өз мерзімінде игерілмейді де, екінші деңгейлі банктердің депозиттік шоттарында жатады. Тексерілген объектілер бойынша депозиттердегі қаржы 43,1 млрд теңгені құрады. Нәтижесінде 3,7 млрд теңге мөлшерінде табыс кірісі алынды",- делінген тексеру материалында.

Мысалы, комитеттің мәліметінше, нормативті құқықтық актілер әзірленбегендіктен, 2008 жылғы желтоқсан айынан 2009 жылғы наурыз айына дейін "Құнсызданған активтер қоры" АҚ-на түскен 70 млрд теңге қаржы пайдаланылмаған. Ақша есептік және депозиттік шоттарда жайғастырылған.

Сондай-ақ, үкімет резервінен "Оңтүстік" Аймақтық агрокешені" инвестициялық бағдарламасын іске асыруға қосымша 4 млрд теңге бөлінді. 2008 жылы сомасы 1,5 млрд теңгені, 2009 жылы 3,3 млрд теңгені құрайтын кіріс алу көзделіп отыр. Алайда, 2008 жылы бағдарлама шеңберінде құрылған "Оңтүстік" ИКК АҚ кәсіпорындарының барлығы жалпы сомасы 7,6 млн теңге шығын келтірді. Сонымен бірге, "Оңтүстік" ИКК көпсатылы басқару күрделілігінің салдарынан іс-шаралардың орындалу процессі созылып кетті және олар аяқталмай қалды, делінген Есеп комитетінің хабарламасында.

Есеп комитеті үкіметке трансферттер мен қарыздарды тиісті жылда есепке алмай, республикалық бюжет түсу көлемінен пайыздық қатынаспен үкімет резервінен шектеулі көлемді белгілейтін Бюджет кодексіне толықтырулар мен өзгерістер енгізуді ұсынады.

"Сондай-ақ, тұрғын үй объектілерінің аяқталмаған құрылысына үкімет резервінен бөлінген қаржыны үлескерлердің қатысуымен тиімді және мақсатты пайдалану жөнінде шаралар қабылдау ұсынылады. "Оңтүстік" ИКК құрылымын оңтайландыру жөнінде "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-на ұсыныстар берілді", делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны