11.04.2008, 16:26 3231

Үкімет жаңа Салық кодексінің аясында Корпоративтік кіріс салығы ставкасын азайтумен бірге шамамен 77 салық жеңілдігін алып тастамақшы - "Атамекен"

Үкімет жаңа Салық кодексінің аясында Корпоративтік кіріс салығы ставкасын азайтумен бірге шамамен 77 салық жеңілдігін алып тастамақшы - "Атамекен"

Астана. 11 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет жаңа Салық кодексінің аясында Корпоративтік кіріс салығы ставкасын азайтумен бірге шамамен 77 салық жеңілдігін алып тастамақшы. Бұл туралы бүгін Қазақстан бухгалтерлерінің бірінші республикалық форумы барысында жаңа Салық кодексінің жобасын жасау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Қазақстанның "Атамекен одағы" Ұлттық экономикалық палатасы төрағасының орынбасары Екатерина Никитинская мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Жаңа Салық кодексінің жобасымен жұмыс аясында Корпоративтік кіріс салығы ставкасын азайту мәселесі талқылануда, оны 20% дейін азайтуы мүмкін, бұл әзірге түпкілікті сан емес", - деді Е. Никитинская.

"Сонымен қатар, осы салықтың ставкасын азайтумен бірге, оған қоса Корпоративтік кіріс салығынан босату жөніндегі бірқатар жеңілдіктер енгізіледі. Салық кодексінің тұжырымдамасында шамамен 77 салық жеңілдігін алып тастау қарастырылған", - деді ол.

Оның айтуынша, бұл жерде кәсіпорындарға Арнаулы экономикалық аймақ аумағында, мұнайхимиялық өндірістер үшін, қосылған құны жоғары өнім өндіретін кәсіпорындар үшін берілген жеңілдіктер мен лизингтік операциялар бойынша берілген жеңілдіктер туралы сөз болып отыр.

"Бұл жеңілдіктерді алып тастауға бизнес-орта қалай қарайды дейсіз ғой? Бұл жеңілдіктердің жұмыс істемейтіндігі түпкілікті анықталған, ал болашақта бірақ олар қажет болуы да ықтимал", - деді Е. Никитинская.

"Мәселен, қазір мұнайхимиялық өндірісте Корпоративтік кіріс салығынан босату жөніндегі жеңілдікті қазір ешкім пайдаланбайды, бірақ, алдағы уақытта бұл мәселе қайта өзектілікке ие болуы да мүмкін, Қазақстандағы шегін белгілеу үшін", -деді ол.

"Арнаулы экономикалық аймақтар мен қосылған құны жоғары өнім өндіретін кәсіпорындар үшін берілген жеңілдіктерде тиімді пайдаланылып отырған жоқ, оған себеп, қолданылатын тетік күрделі әрі жұмыс істемейді", -деді ол.

"Бірақ кәсіпкерлер қалыпты даму мен нақты сектордың жұмыс істеуі үшін қажетті деп санайтын жеңілдіктер жүйесі де бар, ол - лизингтік операцияларды Корпоративтік кіріс салығынан босатуға берілген жеңілдіктер", -деді Атамекен өкілі. "Қаржылық проблемалар күрделілене түскен қазіргі сәтте нақты сектор үшін өндірісті несиелендіру мен баламалы қор көздерін дамыту аса маңызды. Бұл тұрғыда лизингтік компаниялар банк секторынан дараланады. Сол себепті осы жеңілдіктер қаржы рыногының осы бөлігіне нақты тауар өндірушілердің сұранысын қамтамасыз етуге жәрдемдесетін жалғыз преференция болуы мүмкін, өйткені, Қазақстандағы лизингтік операциялардың 70% құрал-жабдық сатып алуға байланысты", - деді Е. Никитинская.

"Осындай жеңілдіктер айрылу лизингтік компаниялардың өз қызметін тоқтатуына алып келмек, оған себеп, олардың бизнесі банк бизнесімен салыстырғанда тәуекелі жоғары. Онда сауда-саттық затының өзі кепілдікке алынады, сол себепті аталған жеңілдіктерді алған кезде қандайбір басқа балама преференциялар енгізу қажет. Лизинг есебінен өндірісті модернизациялау мен негізгі фондты жаңғалау мүмкіндігін сақтап қалу үшін керек ол", - деді Е. Никитинская.

"Сонымен бірге қазіргі таңда әсіресе өңдеу өнеркәсібінде дәл осы лизингтік жеңілдіктерді ескере отырып жасалған келісім-шарттары көп екенін де ескеру қажет", -деді ол.

"Сол себепті біз аталған жеңілдіктер алынған жағдайда бұған дейін жасалған келісім-шарттар үшін көшпелі ережелер енгізіп, кәсіпкерлерге мәмілелерді бұрын қол қойылған шартпен орындап шығуға мүмкіндік беруді сұрайтын боламыз және ол жайында біз жұмыс тобында жария еттік", - дед Е. Никитинская.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны