26.12.2013, 19:37 3136

Үкіметте ЭКСПО - 2017 дайындау және өткізу мәселелері талқыланды

Үкімет басшысы Мемлекет басшысының көрме барысында мейлінше экономикалық тиімділікке қол жеткізу, шара шеңберінде салалық көрмелер ұйымдастыру жөніндегі, ЭКСПО іс-шараларын дайындау мен өткізу бойынша берген тапсырмаларын Ұлттық жоспарға енгізу мәселесіне айрықша назар аударды.

Алматы. 26 желтоқсан. Kazakhstan today. Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау және өткізу бойынша Мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті, деп Премьер-Минстрдің ресми сайты хабарлады.

Отырыста "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияевтің, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевтың, Қоршаған орта және су ресурстарын қорғау министрі Нұрлан Қаппаровтың, Астана қаласы әкімінің орынбасары Сергей Хорошунның есептері тыңдалды.

Үкімет басшысы Мемлекет басшысының көрме барысында мейлінше экономикалық тиімділікке қол жеткізу, шара шеңберінде салалық көрмелер ұйымдастыру жөніндегі, ЭКСПО іс-шараларын дайындау мен өткізу бойынша берген тапсырмаларын Ұлттық жоспарға енгізу мәселесіне айрықша назар аударды.

Отырыс барысында инфрақұрылымдарды дамыту мен көрме объектілері құрылыстары бойынша жұмыс штабтарының қызметі, "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" Басқармасы мен директорлар Кеңесінің жұмыс жоспары талқыланды.

Үкімет басшысы барлық мүдделі мемлекеттік органдарға, ұлттық холдингтер мен компанияларға, көрмені сапалы дайындау мен өткізу бойынша шаралар қабылдау қажеттігін атай отырып бірқатар тапсырмалар берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны