25.04.2012, 10:49 4534

Үкіметте мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамытудың жаңа жолдары талқыланды

Қазақстандағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік институты мемлекет пен бизнес қарым-қатынасының үлгісі ретінде "Концессиялар туралы" Заң қабылданып, қажетті нормативтік-құқықтық база дайындалған 2006 жылдан бастап дами бастаған.

Астана. 25-сәуір. Kazakhstan Today - Кеше Үкімет отырысында экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев ортамерзімдік кезеңде мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті әрі қарай дамытудың негізгі жолдарын таныстырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстандағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік институты мемлекет пен бизнес қарым-қатынасының үлгісі ретінде "Концессиялар туралы" Заң қабылданып, қажетті нормативтік-құқықтық база дайындалған 2006 жылдан бастап дами бастаған.

Б.Сағынтаевтың айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда 6 концессиялық жоба іске асырылуда, оның ішінде концессияның 3 нысаны (Солтүстік Қазақстан-Ақтөбе облысы" электр желісі, "Шар-Өскемен" теміржолы, Ақтау әуежайының жолаушылар терминалы) пайдалануға берудің алдында болса, қалған 3 нысан жоспарлану кезеңінде (Қарағандыдағы балабақшалар кешені, "Ералиев-Құрық" теміржолы, Ақтөбе облысының Қандығаш қаласындағы газ-турбиналы электр стансасы). Мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің тағы 7 жобасы зерделенуде.

Дегенмен, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті әрі қарай дамыту үшін аталмыш жобаларды іске асырудың қаржы тетіктерін кеңейтуге, әріптестік келісімшарттарының жаңа түрлерін енгізуге, мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің қолданыс салаларын кеңейтуге, МЖИ жобаларын әзірлеу және оларды іске асыру процедураларын оңтайландыруға, сондай-ақ әріптестік жобаларын іске асыруға институционалдық қолдау көрсетуге бағытталған шараларды ортамерзімдік кезеңде жүзеге асыру ұсынылуда.

"Жалпы алғанда, мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту бюджетке түсетін салмақты азайтып, қоғамдық қызметтер көрсету саласына жекеменшік секторды тартуды қамтамасыз етеді",- деп түйіндеді өз сөзін экономикалық даму және сауда министрі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны