25.01.2010, 14:31 3105

Үкіметте облыстардағы сойыс алаңдарының құрылыс қарқынының төмендігін атап көрсетуде

Үкіметте облыстардағы сойыс алаңдарының құрылыс қарқынының төмендігін атап көрсетуде

Астана. 25 қаңтар. Kazakhstan Today - Үкіметте облыстардағы сойыс алаңдарының құрылыс қарқынының төмендігін атап көрсетуде. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында үкімет басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шүкеев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Облыс әкімдерінің назарын сойыс алаңдарын салу мәселесінің аса маңызды екендігіне аударамын. Арнаулы сойыс бөлімдерін салу туралы көптен бері айтылып келеді. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңы қабылданғалы бес айдан асты, бірақ тындырылған іс шамалы",- деді Ө.Шүкеев.

"Өнімді эспортқа шығаруға мүмкіндік алу үшін біз малды міндетті түрде арнаулы бөлімшелерде союымыз қажет. Біз тағы да бес ай уақыт береміз, бірақ, одан әрі соза беру мүмкін емес, өйткені, Кедендік одақ өз күшіне енді, ал осы шартты орындамайынша, Ресейге экспортқа ет шығара алмаймыз", - деді ол.

"Біз бұл мәселені бақылауға аламыз және оны жиі селекторлық жиынға шығаратын боламыз", - деді вице-премьер.

ҚР Ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевтың бағалауынша, бұл мәселеге Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары ғана үлкен жауапкершілікпен қарады, ал қалған облыстарда жеткілікті деңгейде жұмыстар әзірге жүргізілмей отыр".

"Ескерте кетейін, 1 маусымнан бастап Агроөнеркәсіптік кешеннің инспекция жөніндегі комитеті тиісті кәсіпорындарға санитарлық нормалардың орындалуына инспекция жүргізеді, біз және тапсырманы орындамаған басшыларға жаза жүктейтін боламыз", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны