23.07.2008, 18:26 3101

Үкіметтен Алматыдағы құрылыс саласына бөлінген қаржыны игеру қарқыны баяу болуда, 22,4 млрд. теңгеден құрылыс компанияларына тек 8 млрд түсті

Үкіметтен Алматыдағы құрылыс саласына бөлінген қаржыны игеру қарқыны баяу болуда, 22,4 млрд. теңгеден құрылыс компанияларына тек 8 млрд түсті

Алматы. 23 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Үкіметтен Алматыдағы құрылыс саласына бөлінген қаржыны игеру қарқыны баяу болуда, 22,4 млрд. теңгеден құрылыс компанияларына тек 8 млрд түсті. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық әкімдігінде өткен кеңесте айтылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін Алматы қаласының әкімшілігінде "Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытындысы және екінші жартыжылдыққа тапсырмалар" атты тақырыпта кеңейтілген кеңес өтті.

Қала әкімі үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығының бюджетін орындау қорытындылары, осы уақыт ішінде салық төлемдерін орындау қорытындылары, сонымен қатар шаруашылықты 2008-2009 жылдарының жылыту маусымына дайындау туралы есептерді тыңдады.

Ахметжан Есімов әлемдік қаржы дағдарысының салдарынан орын алған қала экономикасының бұрынғыдай қиын жағдайда екенін атап өтті. Атап айтсақ тұрғын үй салу, өндірістің маңызды өнімдерін өндіру, құрылыс, тауар айналымы қарқындары, халықтың нақтылы пайдасының көлемдері төмендеп, шағын және орта кәсіпкерлікті несиелеу қарқыны төмендеп кетті. Өткен жылмен салыстырғанда несие беру 40% төмендеген. Бұнымен қоса бағдарламалардың меңгерушілері қолда бар қаражатты нашар игеруде.

Қаланың және аудандардың салық қызметі басшылығының толық алмастырылуымен салық әкімшілігі күшейтілуі қажет. "Барлық әлеуметтік бағдарламалар орындалуы қажет. Олар қазынаға салық төлемдерінің түскен кезінде ғана толыққанды орындалады. Бұл бағытта өте қатал жұмыс жүргізілуі қажет",-деді әкім.

Ахметжан Есімов салық қызметтері мен құқық қорғау органдарына базарлар мен автотұрақтардың іс жүзіндегі түсіретін пайда көлемін анықтау үшін олардың жұмысын жіті қадағалауды тапсырды.

Кіші және орта кәсіпкерлік саласындағы ахуал отырыстың басты мәселесі болды. "Шағын және орта кәсіпкерлік саласы салық төлемдері ретінде мемлекеттік бюджетке 63 % кіріс құяды, сондықтан әрбір әкім кіші және орта кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай жасау үшін күнделікті жұмыс жасауы керек",-деді Ахметжан Есімов.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Лариса Васильеваның сөзі бойынша, дағдарыс салдарынан қала экономикасында біраз ауытқулар орын алып отыр, халықтың жалақысы мен жеке бас табысының номиналды түрде 20 % өсуі барысында, көтерме және бөлшек тауар айналымы қарқыны төмендеді. Осы уақыт ішінде халықтың банктік депозиттік салымдарының мөлшері өткен жылмен салыстырғанда 18 %, ал заңды тұлғалардың депозиттік салымдары 26 % өскен.

Қала әкімі халықтың жылжымайтын мүлік бағасының төмендеуін күтіп, жинақтаған қорларын жаратпай отырғандығын атап өтті. "Ирі қарай жылжымайтын мүлік бағасының төмендеуі болмайды. Сараптаушылар мен талдаушылардың зерттеулерінің нәтижесі бойынша біз қазір бағаның ең төменгі көрсеткішіне жеттік",- деді Ахметжан Есімов.

Сонымен қатар Ахметжан Есімов кеңеске қатысушылардың назарларын басты қоректік өнімдер мен түрлі қызметтерге бағаның өсуінен туындап отырған инфляциялық процесстерге төтеп беру шараларына аударды. Бұл мәселені шешуде бірқатар жетістіктерге қол жеткізілді - мамыр мен маусым айларының қорытындылары бойынша Алматы қаласындағы инфляция деңгейі республикалық орта көрсеткіштен төмен болды. Алайда, бұл бағыттағы жұмысты әрі қарай күшейту керек екендігін ерекше атады.

Берекесіз сауда саттық жасау салдарынан туындап отырған қалалық қазынаға түсімдердің толық түспеуі, антисанитария мен тәртіпсіздік қаланың басты мәселелерінің қатарында. Осыған байланысты қызметті тексеру жүргізіліп, оның нәтижесінде бірқатар аудандарда құрылыс тауарлары, азық-түлік және т.б. заңсыз сауда-саттық жасаудың әлі күнге жалғасып келе жатқандығы анықталды. Қала әкімі Алмалы ауданының әкімі М.Пірінбековке, Медеу ауданының әкімі М.Бейдәліге, Иуезов ауданының әкімі А.Несіпбаевқа және Жетісу ауданының әкімі А.Құлмахановқа сөгіс жариялады.

Маңызды мәселелердің қатарында тұрғын үй салу мәселесі қалып отыр. Үкіметтен бөлінген қаржы игеру қарқыны баяу. 22,4 млрд. теңгеден құрылыс компанияларына тек 8 млрд. түсті. А.Есімов бұл қаржыны игеру мерзімі мен жетістілігіне келесі транштардың бөлінуі тікелей тәуелді екенін айтты.

Сонымен қатар кеңесуде Алматы қаласының жылыту маусымына дайындығы қаралды. Қала қызметтеріне 73 жылу көздерін, 1220 шақырым жылу желілерін оның 34,2 шақырымын алмастырумен, 6198 шақырым электр тораптарын оның 75,7 күрделі жөндеуден өткізу мен, 2290 су желілерін оның 11,8 км алмастырумен, 1223 шақырым құбыр желілерін 11,1 шақырымын алмастыру арқылы дайындау қажет. Қазіргі таңда тұрғын үй, білім беру және денсаулық сақтау объектілерін жылыту мауысымына дайындау жүріп жатыр. Денсаулық сақтау мен білім беру объектілеріндегі дайындық 46% и 60%. Тұрғын үй қорының дайындығы 40 %.

"Қалған мерзім ішінде жылыту маусымының басталуына дейін қалалық шаруашылықтың келе жатқан қысқы-күзгі маусымдағы жұмысқа уақытылы дайындалуы үшін, барлық қызметтердің бірігіп жұмыс істеулері қажет.Талқылауға түскен мәселелер менің айнымас бақылауымда",- деді Ахметжан Есімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны