10.01.2014, 18:18 13752

Үкіметтің бұйрығымен "Балапан" мемлекеттік бағдарламасы 2020 жылға дейін ұзартылды

"Бағдарламаны 2014 - 2020 жылдары іске асыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемі 190 млрд. 536 млн. теңгені құрайды, оның ішінде:республикалық бюджет есебінен - 41 млрд. 242 млн. теңге; жергілікті бюджет есебінен - 149 млрд. 294 млн. теңге", - деп көрсетілген бағдарамада.

Алматы. 10 қаңтар. Kazakhstan today. Қазақстанда "Балапан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру 2020 жылға дейін ұзартылды, делінген ресми БАҚ-тарда жарияланған республика үкіметінің қаулысында.

"Қоса беріліп отырған Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 - 2020 жылдарға арналған "Балапан" бағдарламасы бекітілсін", - делінген қаулының мәтінінде.

"Балапан" бағдарламасы Қазақстанда 2010-жылы ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жыл сайынғы жолдауында айтылған тапсырмасына сай дайындалған. Бағдарламаның жүзеге асырылу мерзімі 2014-жылға дейін белгіленген. Мемлекеттік бағдарламаның алдына қазақстандық балаларды мектеп алды тәрбиесімен 70% қамту жөніндегі міндеті қойылған болатын.

Бағдарламаға сай, 2015 жылға дейін мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен мектепке дейінгі жастағы балалардың 77 %-ының, ал 2020 жылға дейін - 100 %-ының қамтылуын қамтамасыз ету; 2015 жылға дейін 5-6 жастағы балаларды мектепалды даярлықпен толық қамтуды қамтамасыз ету; республикадағы демографиялық жағдайды және халықтың білім алуға деген қажеттілігін ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың вариативті желісін арттыру көзделген.

"Бағдарламаны 2014 - 2020 жылдары іске асыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемі 190 млрд. 536 млн. теңгені құрайды, оның ішінде:республикалық бюджет есебінен - 41 млрд. 242 млн. теңге; жергілікті бюджет есебінен - 149 млрд. 294 млн. теңге", - деп көрсетілген бағдарамада.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны