07.04.2008, 13:13 2812

Икімшіліктер үкіметтің шағын бизнесті қаржылық қолдау жөніндегі нұсқауларын орындаған жоқ

Икімшіліктер үкіметтің шағын бизнесті қаржылық қолдау жөніндегі нұсқауларын орындаған жоқ

Астана. 7 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Икімшіліктер үкіметтің шағын бизнесті қаржылық қолдау жөніндегі нұсқауларын орындаған жоқ. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Жергілікті атқарушы билік органдарына жергілікті бюджеттерден шағын бизнесті қолдау мақсатында пайдаланылатын ақша бөлу, осындай жобалардың тізімін экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия секілді әкімшіліктер құрған комиссиялар мақұлдауға тиіс деген нұсқау берілген", - деді Б.Сұлтанов.

"Жергілікті бюджеттерден бөлінген қаржы шағын кәсіпкерлікті қолдау қорына одан әрі банктерде орналастыру үшін бағытталуы тиіс болатын", -деді ол.

Министрдің мәліметінше, қазіргі жағдаймен Қостанай облысы мен Алматыдан басқа барлық облыстарда бұл мақсатқа 8,3 млрд теңге жинақталған.

"Бірақ өңірлер бұл қаржыны бүгінгі күнге дейін шағын кәсіпкерлікті қолдау қорына да, екінші деңгейлі банктерге де аударылмаған", - деді экономика министрі.

Оның еске салғанындай, "үкімет бұл шараларды ағымдағы жылдың қаңтар айына межелеген болатын".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны