11.05.2014, 19:38 3431

ҰКП ЕАЭО кедендік кодексінің жобасын дайындауға қатысады

Шара барысында сараптама тобы мына мәселелерді талқылайды: ерекше идентификациялық номерін игеру арқылы кедендік операциялар жасайтын тұлғаларды идентификациялау туралы Еуразиялық экономикалық одақ тәртібін Кедендік одаққа енгізу бойынша Еуразиялық экономикалық одақ ұсынысы, арнайы кедендік процедура, еркін қойма мен еркін кедендік аумақтың кедендік процедураларына қатысты КК одағы жобасы ережесі.

Алматы. 11 мамыр. Kazakhstan today. 19-30 мамыр аралығында Мәскеуде Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сарапшылары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік кодексі жобасын дайындау бойынша сараптамалық топтың 6-ыншы отырысына қатысады.

Шара барысында сараптама тобы мына мәселелерді талқылайды: ерекше идентификациялық номерін игеру арқылы кедендік операциялар жасайтын тұлғаларды идентификациялау туралы Еуразиялық экономикалық одақ тәртібін Кедендік одаққа енгізу бойынша Еуразиялық экономикалық одақ ұсынысы, арнайы кедендік процедура, еркін қойма мен еркін кедендік аумақтың кедендік процедураларына қатысты КК одағы жобасы ережесі.

Сонымен қатар, кедендік бақылау, қатерді басқару жүйесі, кедендік сараптама, тауарларды ұстап қалу мен оларға кедендік органдар тарапынан құжаттар, кедендік төлемге қатысты ережелер, тауарларды классификациялау, тауарлардың шығу реті мен тауарлардың кедендік құнына қатысты КК одағы жобасы талқыланады, деп хабарлайды ҚР ҰКП ресми порталы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны