06.03.2008, 17:43 3462

Украина Қазақстанға "АН-148" ұшақтарын жеткізетініне сенеді- Ющенко

Украина Қазақстанға "АН-148" ұшақтарын жеткізетініне сенеді- Ющенко

Астана. 6 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Украина Қазақстанға "АН-148" ұшақтарын жеткізетініне сенеді. Бұл туралы бүгін өткен қазақ-украин форумында Украина президенті Виктор Ющенко мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біздер үшін ұшақ жасау саласы бойынша ынтымақтастық жасау мәселесі аса өзекті болып отыр. Украина осы сала бойынша белсенді қарым-қатынастарға көшуге дайын екенін растайды ", - деді В. Ющенко.

Ол бүгін хабарлағанындай Украина жағы бүгін "АН-148 жеті ұшағын жеткізу жөнінде келісім шартын растады".

"Қазір біз осы келісім шартты осы жылдың үшінші тоқсанынан бастап мүмкіндігінше тез арада жүзеге асыру үшін барлық жағдайды жасап отырмыз", -деп жалғастырды ойын Украина президенті. "Қазақстан бұл машиналарды бағалағаннан кейін біздің қарым-қатынастарымыз одан әрі қарқындана түсетініне мен сенімдімін ", - деп есептейді В. Ющенко.

Сонымен қатар ол атап өткеніндей, "Украина елдер арасында әуе қатынастарын үдету мәселесін талқылауға дайын және ашық". "Бүгінде екі негізгі әуе компаниясы Киев- Астана- Алматы арасында рейстерді көбейту мәселесін қарастырып жатыр. Мұнда шешілмеген мәселелер әлі бар", -деп қорытындылады В. Ющенко.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны