10.06.2008, 12:31 1415

Украина мен Ресей Орталық Азия мемлекеттерімен газ тасымалдау мәселесі бойынша бірлескен келіссөздер жүргізуге уағдаласты

Украина мен Ресей Орталық Азия мемлекеттерімен газ тасымалдау мәселесі бойынша бірлескен келіссөздер жүргізуге уағдаласты

Алматы. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Украина мен Ресей Орталық Азия мемлекеттерімен 2009 жылы газ тасымалдау мәселесі бойынша бірлескен келіссөздер жүргізу жөнінде уағдаласты. Бұл туралы Украина президенті Виктор Ющенко мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік Neftefaz.RU. агенттігіне сілтеме жасай отырып.

В.Ющенконың айтуынша, мұндай ұсынысты ол Ресей президенті Дмитрий Медведевпен кездескен кезде айтқан. "Мен "Газпром" және Украинаның "Нафтогаз Украина" компаниялары Орталық Азия өңірінде газ тасымалын жасайтын компаниялармен 2009 жылдың балансы аясында шұғыл түрде келіссөздер жүргізу жөнінде ұсынысымды білдірдім. Біз мұндай тетіктер туралы келістік ", - деді Украина басшысы.

В. Ющенко атап өткеніндей, Украинаға келесі жылы газ тасымалдау жөнінде және оның бағасы туралы әңгіме көтеру әлі ертерек, бұл мәселе саяси мәселеге жатпайды бұнымен тиісті министрліктер мен компаниялар айналысуы тиіс. Ол атап өткеніндей, Украина газ мәселесі бойынша диалогты жандандыруға мүдделі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны