06.03.2008, 15:56 3386

Украина өз аумағында Қазақстанның мұнай өңдеу зауытын салудан мүдделі

Украина өз аумағында Қазақстанның мұнай өңдеу зауытын салудан мүдделі

Астана. 6 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Украина өз аумағында Қазақстанның мұнай өңдеу зауытын салудан мүдделі. Бұл туралы Украина президенті Виктор Ющенко Қазақстан президентімен болған келіссөздерден кейін Астанада өткен брифингте мәлімдеді.

"Біз Украина аумағында Қазақстанның мұнай өңдеу зауытын салу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Мен Қазақстан жағына бұл мәселені қарауды ұсындым", - деді В. Ющенко.

"Украина қазіргі бар және жобасы жасалып жатқан транспорттық дәліздердің бағытында картаның кез-келген нүктесінен осындай мұнай өңдеу зауытын салуға мүмкіндік беруге дайын",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны