07.12.2011, 17:53 4223

Үлбі металургиялық зауыт республикалық "Рационализатор kz" конкурсында ең үздік деп танылды

Үлбі металлургиялық зауыт" АҚ (ҮМЗ) республикалық "Рационализатор kz"конкурсында "Кәсіпорында рационализаторлықты қолдаудың ең үздік жүйесі" атауында жеңімпаз деп танылды. Конкурс қорытындысы Астанада "Инновациялық Қазақстан - 20 жыл тәуелсіздік жолынан соң келешекке көзқарас" атты форум аясында шығарылды, деп ҮМЗ таратқан ақпараттық баянда айтылады.

Өскемен. 7-желтоқсан. Kazakhstan Today - Үлбі металургиялық зауыт республикалық "Рационализатор kz" конкурсында ең үздік деп танылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "Үлбі металлургиялық зауыт" АҚ (ҮМЗ) республикалық "Рационализатор kz"конкурсында "Кәсіпорында рационализаторлықты қолдаудың ең үздік жүйесі" атауында жеңімпаз деп танылды. Конкурс қорытындысы Астанада "Инновациялық Қазақстан - 20 жыл тәуелсіздік жолынан соң келешекке көзқарас" атты форум аясында шығарылды, деп ҮМЗ таратқан ақпараттық баянда айтылады.

"ҮМЗ жеңісі - кәсіпорынның новаторлық идеясын қолдауға бағытталған жоспарлы жүргізіліп отырған ұйымдастырушылық жұмыстың нәтижесі. Зауытта рационализаторлық ұсынысты рәсімдеу, тапсыру, қорғау, қолдану, ол үшін сыйақы төлеу т.б. стандарттары бекітілген", - делінген сәрсенбі күні таратылған хабарда.

Хабарда айтылғандай, бұдан 11 жыл бұрын тағайындалған зауыттың бұрынғы директоры В. Потанин атындағы сыйлық өте үлкен маңызды рөл атқарады. Ол әлемдік деңгейдегі жаңа техника ашқаны үшін, сондай-ақ фундаменталдық қолданбалы жаңалықтарды енгізгені үшін беріледі. Оны кәсіпорын мен еншілестерінің 37 қызметкері алды. Одан басқа басқару тиімділігін артыруға бағытталған "10 000 жақсарту" бағдарламасы да жұмыс істеуде.

"Соңғы 11 жылда зауыт қызметкерлері жаңалыққа 99 өтінім берді. Оларды енгізуден зауыт көрген тиімділік сомасы 1,2 млрд теңге, енгізілген 669 рационалдық ұсыныс 335 млн теңге үнемдеу берді", - делінген хабарда.

"Рационализатор kz"конкурсын "Ұлттық инновациялық қор" АҚ индустрия мен жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен екі номинация бойынша: "Жылдың ең үздік рационализаторлық шешімі" және "Кәсіпорында рационализаторлықты қолдаудың ең үздлік жүйесі" бойынша өткізеді. Жобаның мақсаты - рационализаторлардың Қазақстан кәсіпорындарындағы шығармашылық әлеуетін ынталандыру, сондай-ақ рационализаторлар мен жаңалықтарды енгізген кәсіпорындарды анықтап, ынталандыру.

"Үлбі металлургиялық зауыт" АҚ "Қазатомөнеркәсіптің" басты кәсіпорны. Ол атом электр стансалары үшін отындық таблеткалар шығарумен, сондай-ақ құрамында берилли, тантал және ниобий бар өнімдерді шығарумен айналысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны