12.06.2008, 10:18 1356

Илемдік алтын нарығында баға ауытқулары орын алуда

Илемдік алтын нарығында баға ауытқулары орын алуда

Алматы. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Илемдік алтын нарығында баға ауытқулары орын алуда. Shanghai Gold Exchange биржасында Au9995 алтынының бағасы өткен айда көтерілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

HSBC банкінің мамандарының атап көрсеткеніндей, алтын бағасына Америка валютасының салыстырмалы түрдегі әлсіздігі, энергия көздерінің жоғарғы бағасы мен инфляция айтарлықтай ықпал етіп отыр.

Олардың паймдауынша, дүниежүзілік экономиканың тұрақсыздығы, инфляцияның өсуі мен доллар бағамының төмендеуі жағдайында алтын бағасының жаңа қарқынмен өсуін болжауға болады. Алтын бағасының өсе беретініне мұнай бағасының жоғары деңгейден түспеуі дәлел бола алады. Ол инфляциялық тәуекелдерден сақтану үшін осы металлдың сатылуын ынталандырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны