17.04.2008, 16:20 2790

Илемдік қаржы дағдарысы 2009 жылын құрсауға алады-"еуротоптар" басшысы

Илемдік қаржы дағдарысы 2009 жылын құрсауға алады-"еуротоптар" басшысы

Алматы. 17 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - "Илемдік қаржы дағдарысы биылғы жылы ауыздықталмайды және 2009 жылын құрсауға алады. Мұндай пікірді Люксембургтың премьер-министрі Жан-Клод Юнкер білдірді, деп хабарлайды агентік РИА Новости ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Жан-Клод Юнкер бірыңғай еуропалық валюта ретінде танылған евроға көшкен Еуроодақ мүшелері болып табылатын - 15 мемлекеттің қаржы министрлері кірітін "еуротоптар" төрағасы.

"Менің ойымша бүгінгі кезде біздерді дүр сілкіндіріп отырған қаржы дағдарысы әлі аяқталмайды. Ол осы 2008 жылды толық билеп, 2009 жылдың үлкен бөлігін алады", - деді Юнкер Брюссельде өткен қаржы форумында.

Ол атап өткеніндей, дағдарыс Еуропа экономикасына қатты әсерін тигізген жоқ және оның экспорттық секторының "жағдайы жақсы".

"Бірақ бір кезде айырбас бағамының курсы (евроның долларға айырбас бағамы ) ЕО экономикасына қатты әсер беретін уақыты келеді", - деп ескертті "еуротоптың" басшысы.

Оның топшылауы бойынша "кейбір мемлекеттер тиісті бюджетті сауықтыру ырғағын жалғастыра алмау қаупі алдында тұр".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны