Система Orphus

Илемдік қаржы дағдарысы жағдайында өндірушілерді теміржолмен жүк жеткізу мерзімін қысқарту арқылы қолдау қажет - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі

04.06.2009, 17:05 967

Астана. 4 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Илемдік қаржы дағдарысы жағдайында өндірушілерді теміржолмен жүк жеткізу мерзімін қысқарту арқылы қолдау қажет. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі Ибілғазы Құсайынов Темір жолдар ынтымақтастығы ұйымының министрлер кеңесінің (ТЖЫҰМК) 37 сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Илемдік қаржы дағдарысы жағдайында өндірушілер өз капиталын жылдам айналымын қамтамасыз ету қажеттілігіне тап болды. Сондықтан, бүгінгі таңда жүк жеткізу мерзімдерін қысқарту көкейтесті мәселеге айналып тұр",- деді министр. Қазақстан темір жолы Қазақстан, Ресей, Беларусь және Украина аймақтары арқылы Батыс және Орталық Қытайдан Балтық және Қара Теңіз және одан әрі қарай Еуропа елдеріне бағытталған, оның ішінде тартымды тарифтік жағдай тудыру арқылы контейнерлік маршруттарды ұйымдастыруда белсенді жұмыстар жүргізуде.

2008 жылы Азия - Еуропа бағытында жаңа бағдарғылар игеріліп, Үрімжі (Қытай) - Гамбург (Германия), Шеньчжень (Қытай) - Пардубице (Чехия), Тяньцзинь (Қытай) - Кунцево (Ресей) бағыттарында байқаулық контейнерлік пойыздар ұйымдастырылды.

Басты назар инфрақұрылымдық даму мен еліміздің темір жол жүйесін жүк тасымалы нарығындағы халықаралық стандарттарына бейімдеуге бағытталған. Ұлттық темір жол тасымалдаушының 2008 жылғы қызметінің нәтижелері сапалық әрі сандық көрсеткіштерінің өсуін дәлелдейді. 2007 жылмен салыстырғанда жүк тасымалы 7 пайызға өсті. Жүк айнылымы 7,1 пайызға өсті. Пайдалану жұмысының сапалық көрсеткіштері де жақсарды. Транзиттік жүк тасымалы да орта есеппен алғанда жыл сайын 14 пайызға өсуде. 2008 жылы транзиттік жүк тасымалы 15 млн тоннаны құрап, 2007 жылмен салыстырғанда 17 пайызға өсті.

Транзиттік тасымалды дамыту барысында тек аймақтық қана емес, тасымалы да маңызды орын алады. Еуропа - Азия және Солтүстік - Оңтүстік қатынастарында құрлықаралық тасымалына көңіл аударылады. Оның ішінде Достық - Алашаңқай шекаралық торабы арқылы тасымалды дамыту ерекше орын алып отыр. Концессиялық негізде Қытаймен екінші шекаралық торабын ашуға мүмкіндік беретін Қорғас - Жетіген темір жолы салу жұмысы ұйымдастрылуда. Қазақстан, Түркіменстан және Иран елдерінің басшыларының тапсырмалары бойынша осы жылғы 4-ші тоқсанда республикалық бюджет есебінен Өзен -Түркіменстанның шекарасы темір жол желісінің құрылысы басталады.

Отандық көліктік машина жасауды дамытуға едәуір екпін берілді. Астанада локомотив жинақтау зауытының құрылысы аяқталып қалды. Петропавл қаласындағы "ЗИКСТО" АҚ жүк тиейтін жартылай вагондарын шығара бастады. 2010 жылы Екібастұзда жүк вагондары, Атбасарда электровоздар, ал 2011 жылы Алматыда жолаушылар вагондары шығарыла бастайды. Салаға қажетті қосалқы бөлшектер, ірі құйма тетіктерін өндіру қолға алынуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны