24.10.2008, 18:02 2548

Илемдік қаржы дағдарысының зардаптарын жою үшін ТМД елдерін біріктіретін Халықаралық қаржы орталықтарын құру қажет - ТМД Атқару комитеті

Илемдік қаржы дағдарысының зардаптарын жою үшін ТМД елдерін біріктіретін Халықаралық қаржы орталықтарын құру қажет - ТМД Атқару комитеті

Баку. 24 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Илемдік қаржы дағдарысының зардаптарын жою үшін ТМД елдерін біріктіретін Халықаралық қаржы орталықтарын құру қажет. Бұл туралы бүгін Бакуде басталған ТМД-ға қатысушы елдердің "Достастық елдерінің қаржы нарықтары: даму және интеграция" тақырыбындағы халықаралық банк конференциясында ТМД Атқарушы хатшысы Сергей Лебедев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Халықаралық валюта қорының болжамына сүйенсек, әлемдік қаржы дағдарысынан келген шығын көлемі 1,3 трлн долларға бағаланып отыр. Бастапқы болжам $1 трлн болатын. Барлық шығындардың жартысынан астамы банк құрылымдарының үлесінде. Илемдік қаржы дағдарысының зардаптарын жою үшін ТМД елдерінің аясында Халықаралық қаржы орталықтарын, соның ішіенде аймақтық қаржы орталықтарын құру қажет ", -деді С. Лебедев.

Оның хабарлауынша, дағдарысқа қарсы шаралардың жайы ТМД елдерінің қаржы министрлерінің таяуда Мәскеуде өткен кездесуінде талқыланды. Оның қорытындысы бойынша тараптар талқылауларды одан әрі жалғастыруға келісті.

ТМД елдерінің қаржы министрлерінің кезекті кездесуі 2009 жылдың сәуір айында Санкт-Петербургте өтеді, деді С. Лебедев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны