08.01.2008, 17:29 2348

Илемдік мұнай бағалары айтарлықтай төмендеді

Илемдік мұнай бағалары айтарлықтай төмендеді

Алматы. 8 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Жетекші мұнай биржаларында 2008 жылдың 7 қаңтарындағы сауда-саттық қорытындылары бойынша, әлемдік мұнай құны айтарлықтай төмендеді, деп хабарлайды агенттік "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігіне сілтеме жасай отырып.

РБК мәліметтері бойынша, алдағы айларда мұнайдың ресми фъючерстері бойынша, Лондонның InterContinental Exchange Futures биржасында IPE Brent Crude маркалы мұнайдың бір баррелі $94,39 құрайды. Бұл алдындағы көрсеткіштен $2,40 төмен. Ал Нью-Йорктің New York Mercantile Exchange биржасында Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнай баррелі-$95,09 болады( $2,82 төмен).

РБК ақпараты бойынша, 2 қаңтарда мұнайдың Light Sweet маркасының ақпан фьючерстері Нью-Йорктың сауда биржасында (NYMEX) бір баррелі жоғары деңгейге көтеріліп, бір баррелі $100 сатылды. Мұндай баға, фьючерсі $4,02 қымбаттағанда ғана орнықты.

РБК хабарлағанындай, сарапшылардың пікірінше, мұндай бағаның шарықтауына әлемдегі геосаяси жағдайдың тұрақсыздығы және қуат қорларының аз көлемінен туындап, спекулятивтік алып- сатарлыққа соқтырған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны