31.07.2008, 13:38 2878

Илемдік сауда статистикасы дамушы елдердің мүмкіндігі арта түскенін айғақтайды - ЮНКТАД

Илемдік сауда статистикасы дамушы елдердің мүмкіндігі арта түскенін айғақтайды - ЮНКТАД

Алматы. 31 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Илемдік сауда статистикасы дамушы елдердің мүмкіндігі арта түскенін айғақтайды. Бұл БҰҰ-ның сауда және даму жөніндегі конференциясының (ЮНКТАД) статистикалық анықтамалығының соңғы басылымында келтірілген мәліметтермен дәлелденеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.

ЮНКТАД ақпаратына сәйкес, Батыс елдеріндегі ипотекалық дағдарыс өткен жылы әлемдік сауданың өсу қарқынына әсер еткен жоқ. Илемдік тауар экспортының көлемі 14,4%-ға ұлғайды. Ал дамушы елдердегі шикізат пен тауар экспорты 15,2%-ға, қызметтер экспорты 17,1%-ға өсті.

Зерттеулер дәлелдегеніндей, ипотекалық және азық-түлік дағдарысына, мұнай құнының өсуі мен инфляция қаупіне қарамастан, әлемдік сауда көлемі өсе түсті. ЮНКТАД басылымында атап көрсетілгеніндей, өнеркәсібі жоғары деңгейде дамыған елдердің үлесіне бұрынғыдай әлемдік Жалпы ішкі өнімнің 71% тиеді, бірақ ол елдерде Жер халқының небәрі 15% тұрады.

ЮНКТАД мамандарының мәліметінше, Шығыс Еуропаның көптеген елдері АҚШ-қа шығаратын экспортын біршама азайтып, Батыс Еуропаға назар шоғырландыра абстады. Атап айтсақ, 2000 жылдан бері АҚШ-қа шығарылған года Ресей экспортының үлесі 7,7%-дан 2006 жылы 3,1%-ға дейін азайды.

Өткен жылы Ресей экспортының көлемі $355,5 млрд құрады, ал 2006 жылы ол $304 млрд болған. Басқа ТМД елдерінде де осындай ағым байқалды, тек Изербайжанда ғана экспорт көлемі $6,4-тен $5,4 млрд дейін азайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны