09.03.2010, 13:23 3348

Үлестік құрылыс нысандарын аяқтауға қажет болған жағдайда қосымша қаржы бөлінеді - Мәсімов

Үлестік құрылыс нысандарын аяқтауға қажет болған жағдайда қосымша қаржы бөлінеді - Мәсімов

Астана. 9 наурыз. Kazakhstan Today - Қажет болған жағдайда үлестік құрылыс нысандарын аяқтауға қосымша қаржы бөлінеді. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында ҚР үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Республикалық бюджеттік комиссияда біз осы аптада шұғыл шешім шығарып, артық қаражатты қажет ететін жерлерде үлестік құрылыс нысандарын аяқтауға қосымша қаржы қарастыратын боламыз. Біздің қолымыз қысқа, бірақ одан өзге жол жоқ", - деді Кәрім Мәсімов.

ҚР Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттік төрағасы Серік Нокин хабарлағандай, "2010 жылдың 1 наурызындағы жағдаймен республикамызда 132 нысанды аяқтау қажет, соның ішінде ағымдағы жылы 21 мың үлескер қаржысын салған 112 нысан, 2011 жылы - 5 мың үлескерге тиесілі 20 нысан аяқталады".

"Астанада 61 нысанды (12 646 үлескер) аяқтау керек, оларды пайдалануға беру кестесіне сәйкес түрлі тетіктердің көмегімен биыл аяқтау көзделген. 26 нысанды қалалық әкімдік сатып алу арқылы, жетеуін - уәкілетті ұйым - "Жаңа Құрылыс" арқылы, 19 - "Самұрық - Қазына" қоры арқылы, 9 - құрылыс компанияларының өз күшімен салынып бітеді", - деді С. Нокин.

Оның айтуынша, "Алматы қаласында 33 нысан (8141 үлескер) аяқталмай қалған, соның ішінде 2010 жылы 16 нысанды аяқтау жоспарлануда". "4 нысан "Самұрық - Қазына" қоры арқылы, 12 нысан құрылыс компанияларының өз күшімен салынып бітеді ", - деді С. Нокин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны