23.01.2009, 16:58 3143

Үлестік құрылыс жөніндегі заңнаманы "түбегейлі дәйектеу қажет" - Кәрім Мәсімов

Үлестік құрылыс жөніндегі заңнаманы "түбегейлі дәйектеу қажет" - Кәрім Мәсімов

Астана. 23 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов депутаттардан үлестік құрылыс жөніндегі заңнаманы "жеріне жеткізе түбегейлі дәйектеуді" сұрады. Ол осы жөнінде ҚР Индустрия және сауда министрлігінде өткен алқа мәжілісінде айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Барлық заңнамалық базаны толықтырып жетілдіре түсу қажет. Мен депутаттардан үлестік құрылыс жөніндегі аса маңызды заңды жеріне жеткізе түбегейлі дәйектеу мәселесінде біздің қолдауды сұрағым келеді", - деді Кәрім Мәсімов.

Оның айтуынша, "бұрынғы заңның шикілігі кейбір ардан безген біздің азаматтарымыздың өз отандастарын алдап соғуына мүмкіндік берді".

Еліміздің индустрия және сауда министрі Владимир Школьниктің өз кезегінде хабарлауынша, "үкімет белсенді іс-әрекетке көшкенге дейін үлестік құрылыс нысандарының саны 348, ал үлескерлер саны 56 мың болған".

"Үкімет үлескерлерді қорғау үшін бюджеттен үлестік құрылысты қаржыландыруға 185 млрд теңге бөліп, кешенді шара қолданды", -деді министр.

Оның айтуынша, 2008 жылы 17,7 мың үлескер пәтер алса, 2009 жылы 32 мың, ал 2010 жылы - қалған 9 мың адам пәтер алады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны