27.05.2008, 11:16 1242

Илеуметтік төлемдерді ұлғайту мен бюджеттен өтемақыларды белгілеуге 1 жарты жылдықта 23 млрд теңге бөлу жоспарланған

Илеуметтік төлемдерді ұлғайту мен бюджеттен өтемақыларды белгілеуге 1 жарты жылдықта 23 млрд теңге бөлу жоспарланған

Астана. 27 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Базалық әлеуметтік төлемдерді ұлғайту мен бюджеттен өтемақыларды белгілеуге 2008 жылдың І жартысында 23 млрд теңге бөлу жоспарланған. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысы барысында еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Министр мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 1 шілдеден бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі мен ең төменгі жалақыны 10 515 теңгеден 12 025 теңгеге дейін ұлғайту қарастырылғанын еске салды.

"Нәтижесінде 1 шілдеден бастап зейнетақы мен жәрдемақы алушылар үшін базалық әлеуметтік төлемдер көлемі ұлғайтылумен бірге осы санаттағы адамдарға ағымдағы жылдың І жартысы үшін қосымша өтемақы төленеді, оған 23 млрд теңге көлемінде қаржы қарастырылған", -деді ол.

"Осы орайда базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 14,4%-ға, 4810 теңгеге дейін ұлғайтылады. Сөйтіп, зейнеткерлер өтемақыны қоса есептегенде ай сайын қосымша 1200 теңге алады", - деді Б. Сұлтанов.

Экономика және бюджетті жоспарлау министрінің мәліметінше, мүгедектер орта есеппен қосымша 2928 теңге, асыраушысынан айрылған отбасылар - 2666 теңге, жасына қарай жәрдемақы алушылар - 1510 теңге алады.

"Мемлекет басшысының 2007 жылмен салыстырғанда 2012 жылы орташа зейнетақы мөлшерін екі жарым есе арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау үшін зейнетақы төлемдерін 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап көтеру тетіктері дәйектелу үстінде", - деді министр.

"Бұл бағдарламалар ертең мәжілісте бюджетті талқылау аясында қаралады", - деп қорытындылады бұл талқылауды үкімет басшысы Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны