09.11.2007, 18:48 2632

Илеуметтік жауапкершілік Қазақстан бизнесі үшін ұлттық бірігу идеясына айналу керек - индустрия министрі

Илеуметтік жауапкершілік Қазақстан бизнесі үшін ұлттық бірігу идеясына айналу керек - индустрия министрі

Астана. 9 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Илеуметтік жауапкершілік Қазақстан бизнесі үшін ұлттық бірігу идеясына айналу керек. Мұндай пікірді бүгін РҚ Индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов "Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі" атты халықаралық конференцияда ортаға салды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Жақында мен Қазақстанның сауда-өнеркәсіптік палатасының президентімен әңгімелдесіп, палатаның дамуы туралы мәселені талқыладық. Онда мен бизнестің басын біріктіретін ұлттық идеяны ойластыру керектігімен бөлістім", деді Ғ. Оразбақов.

"Бүгінде көп жұмыс жасалып, әр сала мен қоғамда түрлі пікірлер мен идеялар таратылды. Бірақ менің ойымша, бизнес атаулысы қоғам алдында өзінің әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде бас қосуы керек", - деп ойын жеткізді.

"Егер сіздер беделіңізді арттырып, қоғам мен мемлекет сыйласын десеңіз және мемлекеттің шешіміне өз ықпалыңызды үкімет арқылы жасағыңыз келсе, осы жолға бет алып, осы жолмен жүруіңізге болады. Ал үкімет тарапынан сіздердің жұмыстараңыз бойынша туындаған мәселерге назар аударатын болады" деп министр кәсіпкерлер қауымдастығын мүшелерінен құрылып отырған конференция қатысушыларына үндеу салды.

Ол еске салғанындай, "азық-түлік бағасының көтерілуі кезінде қаншама адамдардың мұқтаж екендігі бірден айқындалды" "Бизнес өкілдері тіпті сол зейнеткерлерге де қаржы бөліп, экономикада болып жатқан ауытқуларды тежеуге септігін тигізер еді, ал бағаның көтерілуі өмір шындығы- электр қуаты бағасының өсуі, әлемдік нарықтағы жағдай... Мұндай ұсыныстар кәсіпкерлер-қауымдастығынан болу керек сонда ғана үкімет те оларды қолдауға ниет білдіреді", - деді Ғ.Оразбаков.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны