09.12.2011, 17:01 2747

Илібекмола Қожасай кеніштерінде газ өңдейтін кешен іске қосылды

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, елордадағы "Сарыарқа" велотрегінде Индустрияландыру күні аясында өтіп жатқан телекөпір барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақойл-Ақтөбе" ЖШС-нің газ өңдеу зауытын іске қосты.

Ақтөбе. 9-желтоқсан. Kazakhstan Today - Илібекмола Қожасай кеніштерінде газ өңдейтін кешен іске қосылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, елордадағы "Сарыарқа" велотрегінде Индустрияландыру күні аясында өтіп жатқан телекөпір барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақойл-Ақтөбе" ЖШС-нің газ өңдеу зауытын іске қосты.

Соңғы жылдардың ішінде Ақтөбе облысында жаңа индустриялды саясаттың нәтижесінде бүгінгі күнге және болашаққа жұмыс жасайтын көтеген жаңа өндірістер іске қосылғандығын атап өткен облыс басшысы Архимед Мұхамбетов : "Бұл тау-кен металлургиясы, құрылыс индустриясы, агрөнеркәсіп кешеніндегі жобалар. Қазақстанның даму мазмұнына сәйкес барлық кәсіпорындарында еңбек өнімділігін және қайта өңдеу деңгейін арттыратын инновациялық технологиялар тұрақты енгізілуде. Осы жылы үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында өңірде 27 жолба іске қосылады. Соның бірі "Қазақойл-Ақтөбе" ЖШС-нің газ өңдеу зауыты", - деді ол.

Өңір басшысының атап өтуінше, зауыттың жылдық қуаты 420 млн текше метр газ өңдеуге қауқарлы. Жалпы құны - 41,7 млрд. теңге. Зауыттың құрылысы барысында 1,5 мың адам жұмыспен қамтылды.

"Бізде Ақтөбе облысы мұнай-газ өндіретін маңызды өңірдің бірі болып саналады. Газ өндіру мәселесі Қазақстанға қажет. Сондықтан жылдан-жылға газ өндіруді өркендетіп келе жатқан Ақтөбе облысына ризашылығымды айтамын. Мынау жаңа өндіріс орны құтты болсын, баршаңызды табыстарыңызбен құттықтаймын. Баршаңызға денсаулық, зор табыс тілеймін. Келе жатқан мерекемен құттықтаймын. Зауытты іске қосыңыздар", - деді Елбасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны