31.03.2008, 16:42 6943

Ұлыбритания Павлодар кәсіпорындарымен ынтымақтастықтан мүдделі - елші

Ұлыбритания Павлодар кәсіпорындарымен ынтымақтастықтан мүдделі - елші

Павлодар. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Ұлыбританияның іскерлер тобы Павлодар кәсіпорындарымен ынтымақтастық орнатуға мүдделілік танытып отыр. Бұл туралы бүгін Ұлыбританияның Біріккен Корольдігі мен Солтүстік Ирландияның төтенше және өкілетті елшісі Пол Браммелл Павлодар облысындағы ресми сапары кезінде аймақ басшысы Қайрат Нұрпейісовпен өткен бас қосуда мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Павлодар облысы мен Ұлыбритания арасындағы сауда саттық айналымы мардымсыз, сондықтан болашақта Қазақстан экономикасының диверсификациясы барысында аймақтар арасындағы қарым қатынастарды дамыту мүмкіндігінің ұлғаятынына сенеміз ", - деп атап өтті Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігі миссиясының жетекшісі.

П. Браммелл айтқанындай, бүгінгі кезде Қазақстанда 150 аса Ұлыбритания компаниясы белсенді жұмыс істеуде. Оның 80 - 90% көмірсутегін шығару және өңдеу саласымен айналысуда. Ал басқа салалар бойынша қарым қатынастар онша дамымаған.

"Ұлыбританияның көпшілік фирмалары Қазақстанның Атырау, Ақтау, Ақтөбе батыс аймақтарында мұнай газ секторында шоғырланған болса, Алматыда қаржы және заңгерлік компаниялар жұмыс істеуде ", - деді елші.

П. Браммелл айтқанындай, "республикада мұнайгаз секторындағы құрылыс жұмыстарымен айналысып жатқан компаниялар да бар. Олар сондай-ақ басқа да Қазақстан өндірістеріне қызығушылық танытып отыр". Оның пікірі бойынша, ағылшын бизнесі сондай-ақ тау-кен, туризм салаларында және азық-түлікті өңдеу өндірісінде жұмыс істей алады.

"Елшілік ретінде біздің мақсатымыз іскерлік топтарға көмек көрсету. Сондықтан мен нақты Ұлыбритания инвесторларын Павлодар аймағына тарту жөнінде идеям бар ", - деп атап өтті П. Браммелл.

Павлодар облысының әкімі Қ. Нүрпейісов өз кезегінде Ұлыбританияның елшілігі миссиясының жетекшісіне аймақта инвестиция салатын тиімді салалар мен облыстың тұрақты дамуының жоспары туралы баяндап берді. Ол хабарлағанындай, Павлодар облысында шетелдік компаниялардың жұмыс істеуіне барлық қолайлы жағдай жасалған.

Павлодар облысының кәсіпкерлік және өндірістік департаментінің мәліметтері бойынша былтырғы жылы аймақтың Ұлыбританиямен арада жасаған сыртқы сауда айналымы $6,4 млн құрады. Бұл 2006 жылдағы көрсеткіштерден 1,8 есеге артық. Экспорт көлемі $1,7 млн жетсе, импорт - $4,7 млн құрады.

Ұлыбритания елшісінің ресми сапары кезінде ол бірқатар ірі энергетикалық нысандардың жұмысымен танысып, соның ішінде Павлодар мұнай химиялық зауытын, "Кастинг" металлургиялық зауытын және Екібастұз ГРЭС-1 көріп қайтады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны