19.01.2007, 15:25 2730

Илімдік мұнай өндіру желтоқсанда тәулігіне 85,4 млн. баррельге дейін өсті - IEA

АЛМАТЫ. 19-қаңтар. Kazakhstan Today. Илімдік мұнай өндіру мөлшері 2006 жылдың желтоқсанында қараша айымен салыстырғанда 110 мың баррельге өсіп, бір тәулікте өндірілетін мұнай көлемі 85,4 млн. баррельге дейін жетті. Бұл туралы Халықаралық энергетикалық агенттіктің (IEA) ай сайынғы баяндамасында айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Сонымен қатар, баяндамада 2006 жылы мұнай өндіру мөлшерінің өсуіне қарамастан, мұнай экспорттаушы елдердің ұйымы - ОПЕК-ке мүшесі емес мемлекеттердегі өнім мөлшерінің әрбір тәуліктік болжамы 2007 жылы 300 мың баррельге, яғни 52,3 млн. баррельге дейін төмендеген.

IEA сарапшыларының пікірлерінше, "ОПЕК-тің шикі мұнайға жасасқан опционы мен қор мөлшерінің өзгеруі" көрсеткішінің мәні 2007 жылдың бірінші тоқсанында тәулігіне 28,6 млн. баррельді құрайды.

Сонымен қатар, есеп беруде ОПЕК-ке мүше елдерден өңделмеген мұнай тасымалы 2006 жылдың желтоқсананда 2006 жылдың қарашасымен салыстырғанда тәулігіне 155 мың баррельге, яғни 28,8 млн. баррельге дейін төмендеген, деп көрсетілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны