05.09.2016, 17:04 4216

Ұлт жоспары: Жамбыл облысында 5 ірі инвестжоба жүзеге асырылуда

Жамбыл облысында Ұлт жоспары "100 нақты қадам" 60-61 қадамдары сәтті жүзеге асырылуда, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Астана. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында Ұлт жоспары "100 нақты қадам" 60-61 қадамдары сәтті жүзеге асырылуда, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Облыста "100 нақты қадам" бағдарламасыныӊ 60 қадамын іске асыру және сүт кластерін дамыту сондай-ақ, кооперативтерге шағын шаруашылықтарды біріктіру мақсатында Жаӊазеландиялық "Fonterra" және Даниялық "Arla" бағдарламары бойынша Меркі ауданында құрамына 42 шаруашылық біріккен "Меркі өнімдері" өндірістік кооперативі құрылды.

Алдағы уақытта Өндірістік кооператив төӊірегінде 70-200 басқа дейін асыл тұқымды сауын сиыры бар сүт-тауарлы фермалары құрылатын болады, кооператив олардыӊ төӊірегіндегі сүт өндірушілерді, мал азығын дайындаушыларды ұйымдастыра отырып, дайын өнімді өткеру жұмыстарымен айналысатын болады.

Бұл мақсатта сүт бағытындағы 1000 бас асыл тұқымды МІҚ малын астып алуды қаржыландыратын шағын несие мекемесі құрылды.

Қазіргі уақытта күніне қуаттылығы 50 тоннаға дейін сүтті қайта өӊдеу зауытыныӊ құрылысына жер бөлініп, жобалық сметалық құжатын дайындау жұмыстары жүргізілуде - деп хабарлады спикер брифинг барысында.

Ал, 61-ші қадам (ет өндіріс мен өӊдеуді дамыту) бойынша 5 ірі инвестициялық жоба іске асырылуда. Мысалы,

Жамбыл ауданында "Халал" стандарты бойынша жылына 1757 тонна ет өнімдерін өндіру. Жоба "Оӊтүстік Халал Тағамдары" ЖШС-мен "ADEAS Development" компаниясы БАЭ инвесторымен жүзеге асырылуда. Жобаныӊ құны 3 млрд.теӊге. Бұл жобаныӊ толық іске қосылуы ағымдағы жылдыӊ шілде айына жоспарлануда.

Меркі ауданында Малайзиялық инвестордыӊ қатысуымен 3 мыӊ бас мүйізді ірі қара малға арналған "Agrostanferms" ЖШС бордақылау кешенініӊ құрылысы. Жоба бойынша мерзімі 49 жылға 200 га жер телімі жалға берілді. Құрылыс жұмыстары 2016 жылдан басталуы жоспарлануда. Инвестициялық құны шамамен 10 млн. АҚШ. долл. Бүгінгі күнге 5500 ұсақ мал басына және 200 бас жылқыға арналған жалпы құны 100 млн.теӊге құрайтын бордақылау кешендерін және Канада елініӊ технологиялық үлгісімен жасалған 18 дана малшы үйімен 18 дана арнайы қашарлар соғылып, іске қосылды.

"Агро фирма Турікпен" ЖШС 3,0 мыӊ бас мүйізді ірі-қара малға арналған бордақылау кешені және 5 мыӊ бас ірі-қара мал шаруашылық репродуктор жобасыныӊ құрылысы жүзеге асырылуда. Жобаныӊ құны 500 млн. теӊге. Осы жобаны іске асыру мақсатында 3 мыӊ бас ірі қара және 1560 бас жылқы сатып алынды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны