04.02.2009, 17:19 3072

Ұлттық банк 1 доллардың айырбас бағамын 150 теңге деңгейінен өзгертпейді - Марченко

Ұлттық банк 1 доллардың айырбас бағамын 150 теңге деңгейінен өзгертпейді - Марченко

Алматы. 4 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Ұлттық банк 1 доллардың айырбас бағамын 150 теңге деңгейінен өзгертпейді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Халық бұл оқиғаның ырқында кетпеуі керек, біз 1 доллар үшін 150 теңге деңгейін ұсатап тұратын боламыз, бұл дәліз бойынша басқа ауытқулар болмайды. Қазір әрине, екі айдан кейін 180, жылдың аяғында 300 болады деген әңгімелер етек алатыны түсінікті. Бұл мүлдем жалған, қияли дақпырт, сол себепті банктерге бару керек, банктер қалыпты режимде жұмыс істейтін болады және валютаны қалыпты бағамен сатады", - деді Ұлттық банк төрағасы.

"Елімізде қажетті валюта қоры бар, бар емес, тіпті артық көлемде әдейі әкелінген, сол себепті валюта бәріне жетеді", - деді Г. Марченко. Оның айтуынша, Ұлттық банк $600 млн көлемінде қолма-қол валюта әкелген.

"Біз бұл дәлізді апта немесе айдың ішінде қайта қарауды жоспарлап отырған жоқпыз. Ұлттық банк ретінде оны қорғайтын боламыз", - деді ол.

"Банктерге барып, банктердің айыбас бөлімдерінен сатып алу керек, өйткені, банктік емес ақша айырбастау орындарында біріншіден, заң бұзушылықтардың басым бөлігі байқалады, екіншіден, бұл олардың жалғыз кіріс көзі. Жағдай өзгерген сайын олар оны ауытқытуға әрекет жасап, дақпырттар таратады. Сол себепті Ұлттық банктің облыстық филиалдары тиісті шараларды қолданатын болады, және біз тиісінше үкіметтен оны облыстардың әкімдеріне жеткізуді сұрадық. Артық ажиотаж тудыруға әрекет жасаған ақша айырбастау бөлімшелеріне қатысты тиісті шаралар қолданылаытн болады", - деді Ұлттық банк басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны