14.02.2008, 13:31 2593

Ұлттық банк 2008 жылы теңге бағамының күрт өзгеруіне жол берілмейтінін мәлімдейді - Сәйденов

Ұлттық банк 2008 жылы теңге бағамының күрт өзгеруіне жол берілмейтінін мәлімдейді - Сәйденов

Астана. 14 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Ұлттық банк 2008 жылы теңгенің айырбас бағамының күрт өзгеруіне жол бермейтінін мәлімдейді. Бұл туралы бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банктың басшысы Инуар Сәйденов мәлімдеді.

"Ұлттық банк тарапынан теңгенің айырбас бағамының төмендеуіне қысым күшейген жағдайда теңгенің айырбас бағамының қысқа мерзімді күрт ауытқуларына жол бермейді, сондай-ақ теңге бағамының ауытқу дәліздері мен бағдарлары белгіленбейді", - деді И. Сәйденов.

Сонымен қатар И. Сәйденов атап өткеніндей, 2008 жылы Ұлттық банк үкіметпен бірлесіп елде бағаны тұрақтандыру үшін бірқатар шараларды жоспарлап отыр. Ол атап өткеніндей, әлемдік экономиканың жылдамдығы баяулаған жағдайда қолға алынатын тұрақтандыру қимылдары мен бірқатар экспорттық тауарлар бағасының төмендеу мүмкіндігіне байланысты шұғыл жоспар дайындалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны