01.06.2016, 12:45 5733

Ұлттық банк 2016 жылғы ҚР экономикасы дамуыныӊ сценарийлік нұсқаларын жариялады

Қазақстан Республикасыныӊ экономикасына ықпал ету деӊгейін ескере отырып, мұнайдыӊ әлемдік бағасыныӊ орташа жылдық деӊгейі ақша-кредит саясатын әзірлеу кезінде сценарийлік нұсқаларға бөлудіӊ негізгі өлшемі болды.

Астана. 1 маусым. Kazakhstan Today - Ұлттық банк Қазақстан Республикасы ақша-кредит саясатыныӊ негізгі бағыттарын дайындау шеӊберінде экономика дамуыныӊ үш сценарийлік нұсқаларын қарастырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Республикасыныӊ экономикасына ықпал ету деӊгейін ескере отырып, мұнайдыӊ әлемдік бағасыныӊ орташа жылдық деӊгейі ақша-кредит саясатын әзірлеу кезінде сценарийлік нұсқаларға бөлудіӊ негізгі өлшемі болды, деп хабарлады қаржы реттеушісініӊ сайты.

"Макроэкономикалық ахуал дамуыныӊ үш сценарийі қарастырылды, ол бір баррель үшін 35, 30 және 20 АҚШ доллары болатын Brent сұрыпты мұнай бағасыныӊ деӊгейін көздейді. Базалық сценарий ретінде бір баррель үшін 30 АҚШ доллары сценарийі қабылданды. Қазақстан Республикасы ақша-кредит саясатыныӊ негізгі көрсеткіштерініӊ болжамдары төлем балансыныӊ болжамдарымен келісілді", делінген хабарламада.

2015 жылы іске асырылған теріс сценарийлер елдіӊ макроэкономикалық ахуалына 2016 жылы теріс ықпал етуін жалғастырып отыр. Теӊгеніӊ құнсыздануы инфляцияныӊ негізгі іске асырылған тәуекелі болып табылады. Бірақ шығарылымныӊ теріс айырмасына (шығарылымныӊ нақты көлемі өзініӊ әлеуетті деӊгейінен төмен болады) себепші болатын төмен тұтынушылық сұраныс және іскерлік белсенділік инфляцияныӊ өсуін шектейді. 2017 жылы жаӊа экономикалық жағдайға бірте-бірте бейімделу байқалатын болады. Ол экономикалық белсенділіктіӊ қалпына келуімен қатар жүреді, оныӊ қарқындары экономиканы қолдауға және долларсыздандыруға бағытталған мемлекеттіӊ тиімді саясатына байланысты болады.

"Ортамерзімді болжам үшін сценарийлерде көзделген сыртқы алғышарттардыӊ өзгеруі, оныӊ ішінде мұнай бағасыныӊ күтпеген өзгеруі, сондай-ақ Қазақстан Республикасыныӊ негізгі сауда әріптес елдеріндегі макроэкономикалық ахуалдыӊ өзгеруі негізгі тәуекел болып табылады.

Бірінші сценарий әлемдік экономика дамуыныӊ баяу, бірақ бірте-бірте дамуын көздейді. Осы сценарий шеӊберінде 2016 жылы мұнайдыӊ бір баррель үшін бағасы 35 АҚШ долларын құрайды деп көзделіп отыр. Осы сценарийге сәйкес қызмет көрсету теӊгерімініӊ айтарлықтай тапшылығы сақталған және шетелдік инвесторларға кірістер төлеген кезде тауарлар таза экспортыныӊ үштен бірге төмендеуі күтіледі. Нәтижесінде, ағымдағы шоттыӊ тапшылығы ІЖӨ-ніӊ 4%-ға жуығын құрайды", - деп хабарлайды Ұлттық банк.

Ағымдағы шоттыӊ тапшылығын қаржыландыру Қазақстан Республикасы Ұлттық қорыныӊ сыртқы активтерін пайдалану есебінен, сол сияқты тікелей шетелдік инвестициялардыӊ және бұрын жасалған кредиттік шарттар бойынша инвестициялардыӊ әкелінуі есебінен қамтамасыз етіледі.

Ақша ұсынысы кеӊеюініӊ қарқындары номиналды ІЖӨ өсуініӊ қарқындарына сәйкес келеді, бұл монеталандыруды болжанып отырған кезеӊде 2015 жылғы деӊгейде сақтауды қамтамасыз етеді.

Екінші сценарий шеӊберінде мұнайдыӊ орташа жылдық бағасы алдыӊғы сценарийге қарағанда төмен деӊгейде қалыптасады және бір баррель үшін 30 АҚШ долларын құрайды деп болжанып отыр.

Бірінші және екінші сценарийлерде іскерлік белсенділік пен тұтынушылық сұраныстыӊ төмен деӊгейде сақталуы, төлем балансы көрсеткіштерініӊ нашарлауы және ақша ұсынысы өсу қарқындарыныӊ төмендеуі күтіледі.

Ақша ұсынысыныӊ серпіні, бірінші сценарийдегі сияқты ІЖӨ-ніӊ номиналды өсу қарқындарына сәйкес келеді, осыныӊ нәтижесінде болжану кезеӊде монеталандыру деӊгейі ағымдағы деӊгейге қатысты өзгермейді.

Үшінші сценарий ортамерзімді перспективада әлемдік тауарлық және қаржы нарықтағы ахуалдыӊ нашарлауы жағдайында пессимистік болжамдарды көздейді. 2016 жылы осы сценарий кезінде мұнайдыӊ әлемдік бағасы бір баррель үшін 20 АҚШ доллары деӊгейінде бағаланады.

Осы сценарий іске асырылған кезде Қазақстан Республикасыныӊ макроэкономикалық дамуыныӊ көрсеткіштері бірінші және екінші сценарийлермен салыстырғанда төмендеу болады.

Тауарлардыӊ таза экспортынан түсімдердіӊ айтарлықтай төмендеуі нәтижесінде ағымдағы шот тапшылығыныӊ кеӊеюі қызметтер мен кірістер балансы тапшылығыныӊ айтарлықтай қысқаруы есебінен тежелетін болады. Тікелей инвестициялар әкелінуініӊ қысқаруы жағдайында ағымдағы шот тапшылығын қаржыландыру республикалық бюджетке кепілдік берілген және нысаналы трансферттердіӊ көлемдері сақталған кезде Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық қорыныӊ активтерін пайдалану есебінен,

сондай-ақ мемлекеттік сыртқы қарыз алу есебінен қамтамасыз етілетін болады.

Барлық сценарийлер кезінде жылдық инфляция жоғары деӊгейде сақталады. 2016 жылғы екінші-үшінші тоқсандарда ол еӊ жоғары деӊгейге жетеді, дегенмен, 2016 жылдыӊ соӊына қарай инфляцияныӊ айтарлықтай төмендеуі күтіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны