18.11.2015, 18:57 4247

Ұлттық банк 2016 жылы инфляция көлемі 6-8% дәлізінде болуы үшін шаралар кешенін жүргізеді

2016 жылы инфляция көлемі 6-8% дәлізініӊ үстіӊгі шегінде болады деп болжануда.Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті

Астана. 17 қараша. Kazakhstan Today - 2016 жылы инфляция көлемі 6-8% дәлізініӊ үстіӊгі шегінде болады деп болжануда.Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Д.Ақышевтіӊ хабарлауынша, 2015 жылдыӊ 10 айында инфляция 8,2 пайызды құраған. Бұл жылдық есеп бойынша 9,4 пайызға жетеді, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

"Осы мақсатта инфляцияныӊ төмен деӊгейін сақтап тұру үшін, ақша-несие саясаты аясында кешенді шаралар жүзеге асырылады. Оныӊ ішінде пайыздық мөлшерлерді, теӊге ликвидтілігі мен икемді айырбас бағамын реттеу мәселелері де бар", - деді Д.Ақышев.

"2015 жылдыӊ тамыз айында инфляцияныӊ төмендеуі ақша ұсынысыныӊ аздығынан орын алды, ол өз кезегінде несиелеу деӊгейін төмендеткен. Бағаныӊ өсуі негізінен қазан айында 2015 жылдыӊ тамыз және қыркүйек айларындағы теӊгеніӊ әлсіреуінен орын алды.2016 жылы инфляция деӊгейі Ұлттық банк пен Үкімет қарастырған дәліздіӊ (6-8%) үстінгі шегінде болады деп болжануда", - дейді Д.Ақышев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны