09.09.2016, 11:37 4253

Ұлттық банк аффинаждалған алтын құймасын насихаттау бойынша бағдарлама әзірлеуді жоспарлауда

"Ұлттық банк халық үшін аффинаждалған алтын құймаларын дәоіптеу бойынша бағдарлама әзірлеуді жоспарлауда. Біз халыққа түсінікті әрі қарапайым құралды ұсынбақпыз. Ол шетелдік валютаны алмастыратын алтын құймалары болуы мүмкін", - деді ведомство басшысы.

Астана. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ұлттық банк аффинаждалған алтын құймасын насихаттау бойынша бағдарлама әзірлеуді жоспарлауда, деді Ұлттық банктіӊ төрағасы Данияр Ақышев Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысында.

"Ұлттық банк халық үшін аффинаждалған алтын құймаларын дәоіптеу бойынша бағдарлама әзірлеуді жоспарлауда. Біз халыққа түсінікті әрі қарапайым құралды ұсынбақпыз. Ол шетелдік валютаны алмастыратын алтын құймалары болуы мүмкін", - деді ведомство басшысы.Оныӊ айтуынша, Ұлттық банк өзге банктермен қоса аталмыш нарықтыӊ өтімділігін ұсынады.

"Ұлттық банк аз уақыттыӊ ішінде ақша және валюта нарықтарындағы жағдайды тұрақтандырды. Бұған біріншіден, шикізат нарығындағы әлемдік коньюнктураныӊ жақсаруы себеп болып отыр. Екіншіден, ұлттық банк пен үкіметтіӊ дағдарысқа қарсы бірлесіп атқарған жедел шаралары әсер етті. Ұлттық банктіӊ алтын-валюта қоры тамыз айыныӊ соӊында 30,7 млрд долларды құрады. Осы жылдыӊ басынан бері қор 10 пайызға өсті (2,8 млрд доллар). Ұлттық қордыӊ валюталық активтері 64,9 млрд доллар болып отыр. Оныӊ деӊгейі тұрақты болып қалуда. Бұл трансферттер ұлттық қордан жоспарлы түрде алынып отырғанына қарамастан, ел резервтерініӊ жалпы сомасы 95,6 млрд долларға жетті", - дейді Данияр Ақышев.

"Теӊгемен өмір сүру мен ойлауға ұмтылыс ақпараттық идеялық бағыттыӊ бірі болуы тиіс және оны біз Президент Икімшілігі және Үкіметпен іске асыруға дайынбыз". Бұл туралы Ақордада Мемлекет басшысыныӊ қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысында ҚР Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышевшев мәлім етті.

"Сананы долларсыздандыру бойынша белгілі бір қадамдар қабылданды. Мысалы, теӊгеден басқа, басқа валютамен бағаларды көрсетуге тыйым салынды",-деді Д. Ақышев.

ҚР Ұлттық банк басшысыныӊ айтуы бойынша, мемлекеттік органдардыӊ сөз сөйлеуі мен ақпаратында шетел валютасыныӊ баламаларын қолдануға тыйым салу керек.

"Сананы долларсыздандыру мысалы - Олимпиада жеӊімпаздарына сыйақыны берген кездері шетелдік валютамен соманы көрсету, алайда оны теӊгемен жазуға болар еді. Теӊгемен өмір сүру мен ойлауға ұмтылыс ақпараттық идеялық бағыттыӊ бірі болуы тиіс және оны біз Президент Икімшілігі және Үкіметпен іске асыруға дайынбыз",-деді Д. Ақышев.

8 жылда алғаш рет Ұлттық Банк 12% төлем бойынша 1 жылдық мерзіммен теӊге нотасын шығарды. Бұл туралы Ақордада Мемлекет басшысыныӊ қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысында ҚР Ұлттық Банк төрағасы Данияр Икішев мәлім етті.

"Біз банк секторында дағдарыстан өттік, бизнес пен халықты валюта нарығындағы жаӊа шарттарға бейімделуін қамтамасыз еттік және ойын ережелерін түсіндірдік, отандық тауар өндірушілердіӊ бәсекеге қабілеттілігін теӊестірдік. Осыған орай, тауар бойынша және қызмет көрсету саласында импорттық алмастыру өсу үстінде",-деді Ұлттық банк басшысы.

Д. Ақышевтіӊ айтуы бойынша, өткен жұмада 8 жылда алғаш рет Ұлттық Банк 12% төлем бойынша 1 жылдық мерзіммен теӊге нотасын шығарды.

"Бұл құралға сұраныс 4 есе болды, алайда бұл жолымыздыӊ бастамасы. Экономикалық өсімніӊ бәсеӊдеп жатқан жағдайында және экономикалық өзектілікті қалпына келтіру бойынша тиісті шараларды қолдану жағдайында, меніӊ ойымша, Ұлттық қордыӊ басым тапсырмаларыныӊ бірі - бұл банк секторы жағдайын елдіӊ экономикалық қажеттіліктерін қаржыландырудыӊ маӊызды секторы ретінде ғана емес, оны экономикалық өсудіӊ негізгі қозғаушысы ретінде қалпына келтіру керек",-деді ол.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны