03.04.2007, 13:51 2674

Ұлттық банк ақша-кредит саясатының шараларын жұмсартуды тиімсіз деп санайды, сол себепті ресми қайта қаржыландыру ставкасы өзгеріссіз қалдырылды

АЛМАТЫ. 3-сәуір. Kazakhstan Today. Ұлттық банк ақша-кредит саясатының шараларын жұмсартуды тиімсіз деп санайды, сол себепті ресми қайта қаржыландыру ставкасы өзгеріссіз қалдырылды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің басқармасы 2007 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми қайта қаржыландыру ставкасын жылдық 9,0% деңгейінде белгілеуге қаулы шығарды.

"2006 жылғы маусымнан бастап инфляциялық үдерістердің баяулауы байқалды. Егер 2006 жылғы мамырда ол 9,0% болса, 2006 жылдың қорытындылары бойынша инфляция 8,4%-ға, ал ақпанның аяғында - 7,9%-ға жетті",- делінген хабарламада.

Бұл үрдіс қабылданған шаралардың ішінде екінші деңгейдегі банктердің артық өтімділігін алуға және Ұлттық банктің операциялары бойынша ставкалардың көтерілуіне бағытталған ақша-кредит саясатын қатайтуына байланысты болды.

Инфляциялық үдерістердің байқалып отырған баяулау үрдісіне қарамастан Ұлттық банк ақша-кредит саясатының шараларын жұмсартуды тиімсіз деп санайды, себебі жылдық инфляцияны төмендету үрдісі тұрақсыз болуы мүмкін.

Осыған байланысты ресми қайта қаржыландыру ставкасы өзгеріссіз қалдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны