23.10.2015, 17:25 4671

Ұлттық банк Астанаға көшуге асықпайды - Қ.Келімбетов

Астанаға инвестмент-банкинг көшеді, ал банктік ритейл, сақтандыру компанияларыныӊ ритейлдері қазіргі қаржы секторында қалады, себебі Алматыныӊ аумағында 2-3 млн адам тұрады. Бұл туралы баспасөз мәжілісі барысында ҚР Ұлттық банкініӊ басшысы Қайрат Келімбетов мәлім етті

Астана. 23 Қазан. Kazakhstan Today - Астанаға инвестмент-банкинг көшеді, ал банктік ритейл, сақтандыру компанияларыныӊ ритейлдері қазіргі қаржы секторында қалады, себебі Алматыныӊ аумағында 2-3 млн адам тұрады. Бұл туралы баспасөз мәжілісі барысында ҚР Ұлттық банкініӊ басшысы Қайрат Келімбетов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Изірге көшпейміз. Жалпы Астанада халықаралық қаржы орталығын құру бүгінгі күні Қазақстанда әлі дамымаған басқа қаржылық қызметтердіӊ қор нарығын қалыптастыру үшін қолға алынды. Оларды атап айтар болсақ, қоғамдық және жеке капиталды басқару, ислам қаржыландыруы, болашақта халықаралық нарықтарда зейнетақы қаржысын басқару қызметтері. Бұл алдағы 5-10 жылда дамыту қажет қаржы саласыныӊ басқа бөлігі. Банктік ритейл, сақтандыру компанияларыныӊ ритейлдері қазіргі қаржы институттарында, қазіргі қаржы секторында қала береді, себебі Алматы маӊында 2-3 млн халық тұрады, барлық ритейл осы жерде, барлық басқарушы бөлімдер", - деді Қайрат Келімбетов, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Ол сондай-ақ қаржыны үнемдеу мақсатында Астанаға көшу біршама уақытқа кейінге шегерілетініне Үкімет түсіністік танытып отырғанын атап өтті.

"Біз көшуге асықпаймыз және осынау екі хабтыӊ арасында ешқандай антагонизм болмайды. Бір хаб қалыптасқан жүйе бойынша банктік сақтандыру қызметін атқарады және ол Орталық Азияныӊ бизнес-хабына негізделген. Екіншісі біздіӊ Кеден одағымен, ШЫҰ-мен әрекеттестігіміздегі аймақтық аспектіге негізделген және біздіӊ қолымызда бар үлкен капиталдыӊ (шамамен 100 млрд доллар) базасында инвестиция тарту мақсатын көздейді. Ұлттық банктегі жұмыс бұрынғы қалыпта жүріп жатыр және Үкімет бұл мәселеге түсіністікпен қарауда, қаржыны үнемдеу мақсатында Астанаға көшу, құрылыс жүргізу талабын ешкім қойып отырған жоқ. Бірақ Президенттіӊ Жарлығы бар, онда Ұлттық банктіӊ белгілі бір бөлімдерін белгілі бір уақытта көшіру мәселесі айтылған. Яғни, ритейл мен банкинг осында қалады, ал инвестмент-банкинг, оныӊ белгілі бір түрлері Астана халықаралық қаржы орталығына көшіріледі. Сондықтан көшкісі келмейтіндерден құр бос алаӊдамауларын сұраймын", - деп қорытты Ұлттық банк басшысы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны