27.07.2012, 15:07 2934

Ұлттық банк "Байқоңыр" және "Сүйінбай" ескерткіш монеталарын айналысқа шығарды

Ескерткіш монета биколорлы орындауда дайындалды (сақинасы 925/1000 сынамды күмістен, массасы 14,6 грамм, дискісі - массасы 26,8 грамм танталдан), диаметрі - 38,61 мм, "proof" сапасымен дайындалған, таралымы - 5 мың дана.

Алматы. 27-шілде. Kazakhstan Today - ҚР Ұлттық банкі 500 теңгелік номиналда "рroоf" сапасымен "Байқоңыр" және "Сүйінбай" ескерткіш монеталарын айналысқа шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Байқоңыр" ескерткіш биколорлы (құрамдас) монетасы "Республика игілігі" монеталар сериясын жалғастыратын 2-монета болып табылады. Ол әуе-ғарыш өнеркәсібінде кеңінен пайдаланылатын металл - танталды қолдана отырып, дайындалған. Монета ортасында сақина мен дискі орналасқан шеңбер түрінде. Монетаның ішкі дискісі танталдан, сыртқы сақинасы күмістен жасалған. Бет жағында стильдендірілген жұлдызды аспан және адам мен Ғалам бірлігінің нышаны ретінде екі адамның сұлбасы бейнеленген. Сол жақ бөлігінде монетаның номиналын білдіретін және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін "Ag 925 14.6 gr. Та 26.8 gr." деген жазу мен Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монетаның соғылған жылын білдіретін "2012" деген сан бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік және ағылшын тілінде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазу және шығыңқы жиек орналасқан. Жазулар нүктелермен бөлінген. Сырт жағында көшпенділер әлемінде ғарышқа арналған терезе, бүкіл Адамзат үшін Байқоңыр ғарыш айлағы ашқан терезе ретінде түсіндірілетін "Шаңырақ" кескінін құрайтын жерсеріктер орбитасының стильдендірілген бейнелері көрсетілген. Айналдыра қазақ, орыс, ақылшын тілдерінде "БАЙҚОҢЫР" деген жазулар және шығыңқы жиек орналасқан. Жазулар жұлдызшалармен бөлінген.

Ескерткіш монета биколорлы орындауда дайындалды (сақинасы 925/1000 сынамды күмістен, массасы 14,6 грамм, дискісі - массасы 26,8 грамм танталдан), диаметрі - 38,61 мм, "proof" сапасымен дайындалған, таралымы - 5 мың дана.

"Сүйінбай" ескерткіш алтын монеталары "Банкноттардағы портреттер" монеталар сериясын жалғастырады. Бет жағының орталық бөлігінде Қазақстан елтаңбасы бейнеленген. Төменгі жағында монетаның номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ" деген жазу бар. Сол және оң жақ бөлігінде ұлттық ою элементі жалтыратып салынған, айналдыра қазақ, орыс тілдерінде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген жазу бар. Жоғарғы бөлігінде ҚР Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген. Монетаның сырт жағындағы орталық бөлігінде халық ақыны Сүйінбайдың портреті орналасқан құны 3 теңгелік банкноттың бет жағының фрагменті бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде "Сүйінбай" деген жазу, соғылған жылын білдіретін "2012" деген сан және банкноттан графикалық элементтер орналасқан. Жоғарғы бөлігінде монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін "Au 999 7,78 gr." деген жазу бар. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген. Монета 999 сынамды алтыннан дайындалған, массасы - 7,78 грамм, диаметрі 21,87 мм, "proof" сапасымен дайындалған, таралымы - 4 мың дана.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны