25.05.2007, 18:04 2769

Ұлттық банк басшысының орынбасары салымшы өзінің зейнетақы жинағына қатысты артықша жауапкершілік жүктеуге тиіс деп санайды

АЛМАТЫ. 25 - мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің басқарма төрағасының орынбасары Медет Сартаев, салымшы өзінің зейнетақы жинағына қатысты артықша жауапкершілік жүктеуге тиіс деп санайды.

Бұл туралы ол бүгін "Қазақстан нарығын дамыту мәселелері. Республика тұрғындарының қаржылық сауаттылығы мен инвестициялық мәдениетін көтеру бағдарламасы" тақырыбындағы "дөңгелек үстел" барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бізде қазір үкіметтің белгілі бір кепілдігі бар, бірақ оны алып тастау қажет. Адамдарға өз ақшасын басқаруға артықша құқық беріп, жауапкершілік жүктеу қажет",- деді М. Сартаев. Оның пайымдауынша, "егер адамдар ақшаларын қайда беру керектігі туралы өз бетімен шешім қабылдаған жағдайда ондай мүмкіндік бар. Ақшасын жинақ қорына бере ме, немесе, қандай да бір активтерді басқару жөніндегі компанияға бере ме, сондай-ақ, зейнетақы активтерін қандай тәртіппен басқаратындығы жөніндегі өздері шешкені жөн".

М. Сартаевтың айтуынша, "әрбір зейнетақы қоры қандай да бір банк тобымен аффилиилік байланыста болғандықтан, топ институттарының бірі банкроттыққа ұшыраған жағдайда дефолт қаупі туындайды". Ұлттық банк басшысының орынбасары бұл жағдайға мысал ретінде "ВалютТранзит Банкін" атады. "Банк белгілі себептермен банкротқа ұшырады, онымен ілесе "ВалютТранзит Қоры" да құрдымға кетті, сонда салымшылардың ақшасының іс жүзінде өртеніп кеткені үшін жауапкершілік кімге жүктеледі?",- деп қосты ол.

Сонымен қатар М. Сартбаев, барлық дамыған елдерде зейнетақы жинағын адамдардың өздері басқаратындағын атап көрсетті. "Біз бүгінде зейнетақы жинақтау қоры түріндегі бәсекелестік жүйесін көріп отырмыз. Олар салымшыдан ақша алу үшін бәсекелеседі, қандай да бір комиссиялық өсімдер қойып, осымен ақша табады. Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың бәсекелестігі болу керек",- деп санайды ол.

М. Сартаевтің айтуынша, "зейнетақы жинақтау қоры жүйелерін біріктіру қажет". "Бүгінде зейнетақы жинақтаушы қорлардың бәсекелестігіне қарамастан бірыңғай түсінікті депозитарий жүйесін, бірыңғай түсінікті клиринг жүйесін және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың арасында жан-жақты бәсекелестік ортасын құру керек",- деген ұсыныс жасады ол. "Егер біз зейнеткерлердің ақшаларын қалай сақтауды қазір ойламайтын болсақ, онда ертең дефолт болады. Себебі бір де бір топ зайнетақы ақшаларына жауап бермейді, оған тағы да мемлекет жауап береді",- деп қортыныдылады М. Сартаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны