02.10.2015, 19:09 5303

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 16%-ға дейін көтереді

Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық Банкі инфляцияны 6-8%-дық нысаналы дәлізде ұстап тұру үшін базалық мөлшерлемені 16%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады

Астана. 01 Қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық Банкі инфляцияны 6-8%-дық нысаналы дәлізде ұстап тұру үшін базалық мөлшерлемені 16%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Өтімділікті беру бойынша тұрақты қолжетімділік операциялары бойынша мөлшерлеме тиісінше - 17%, өтімділікті алу бойынша тұрақты қолжетімділік операциялары бойынша - 15% болды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Ұлттық Банк пайыздық мөлшерлемелердіӊ құбылмалылығын төмендету және нарыққа нақты белгі беру үшін ақша нарығындағы пайыздық мөлшерлемелердіӊ дәлізін И1 п.т. дейін тарылту жөнінде шешім қабылдады", - делінген Ұлттық Банктіӊ баспасөз хабарламасында.

Илемдік экономиканыӊ өсу қарқындары негізінен АҚШ және еуроаймақ экономикасын қалпына келтіру салдарынан қалыпты болып қалуда. Сонымен бірге дамушы елдерде баяулау ғаламдық экономика өсуініӊ оӊ әсерін бәсеӊдетеді. Қытайдағы, сондай-ақ басқа да дамушы елдер экономикасыныӊ бәсеӊдеуі әлемдік қаржы нарықтарында жақында орын алған турбуленттілікке және шикізат тауарларына бағаныӊ одан әрі құлдырауына әкелді. Ресейдегі рецессияныӊ тереӊдеуі де дамушы экономикалардыӊ өсу болашағын бәсеӊдетеді. Федералдық Резервтік Жүйе өзініӊ базалық мөлшерлемесін өзгеріссіз қалдырды, алайда мөлшерлемелер жылдыӊ аяғына дейін көтерілуі мүмкін. Бұл капиталдыӊ дамушы нарықтардан айтарлықтай кету қаупін және Қазақстан экономикасыныӊ өсу болашағыныӊ айқынсыздығын арттырады.

Қазақстанныӊ ІЖӨ өсуі 2015 жылғы бірінші жартыжылдығында шикізат тауарларына бағаныӊ құлдырауынан экспорттыӊ күрт төмендеуі нәтижесінде баяулады. Импорт халықтыӊ нақты ақшалай кірістерініӊ төмендеуінен ішкі сұраныстыӊ қысқаруы кесірінен төмендеді.

Инфляция 2015 жылдыӊ басынан бастап импорттық бағалардыӊ қысқаруы және ішкі экономиканыӊ баяулауы нәтижесінде төмендеді. Алайда бюджеттік ынталандыру және мемлекеттік инвестициялар экономиканыӊ негізгі секторларыныӊ дамуына және ортамерзімді болашақта экономикалық өсуді қолдауға ықпал ететін болады.

"Жақындағы теӊгеніӊ еркін айырбастау бағамына өтуі және оныӊ құнсыздануы қысқамерзімді перспективада инфляцияныӊ Ұлттық Банк белгілеген нысаналы деӊгейінен өсіп кету қаупін ұлғайтады. Сонымен қатар валюта нарығында теӊге бағамыныӊ жоғары құбылмалылығы байқалды, ол инфляциялық болжамдарға теріс әсер етуі мүмкін. Соған қарамастан, ортамерзімді перспективада ағымдағы ақша-кредит саясатын іске асыру инфляцияны нысаналы деӊгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Экономикалық деректерді және өсу перспективаларын назарға ала отырып, Ұлттық Банк инфляцияны 6-8%-дық ортамерзімді нысаналы дәлізде ұстап тұру үшін базалық мөлшерлемені 16%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны