24.08.2012, 13:37 3199

Ұлттық банк екі естелік алтын монеталарды айналымға шығарды

Банк баспасөз қызметінің хабарлауынша, 500 теңгелік номиналды естелік монеталар 999-сынап алтыннан жасалған. Салмағы 3,11 грамм, диаметрі - 16 мм, әр қайсысының тиражы 3 мың дана.

Алматы. 24-тамыз. Kazakhstan Today - Ұлттық банк тамыздың 24-інде "Илемнің әйгілі мешіттері" сериясы бойынша FAISAL және ZAHIR деп аталатын алтын монеталар шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Банк баспасөз қызметінің хабарлауынша, 500 теңгелік номиналды естелік монеталар 999-сынап алтыннан жасалған. Салмағы 3,11 грамм, диаметрі - 16 мм, әр қайсысының тиражы 3 мың дана.

Монеталардың беткі жағына Исламның қасиетті орындарына бастайтын есік - арка, геральдикалық шиыршықтар мен "500 ТЕҢГЕ" деген жазу бар. Цифрдың оң жағында "Au 999" деп жазылған.

Монетаның екінші жағында (реверс) FAISAL мешітінің суреті, жоғарғы жағында "FAISAL", ал төменінде - "ISLAMABAD" деген жазу бар. ZAHIR монетасының ортасында Малайзиядағы ZAHIR мешітінің суреті, төменінде ағылшын тілінде "ZAHIR" деп жазылған.

Пәкістанның Исламабад қаласындағы FAISAL мешіті - әлемдегі ең үлкен мешіттердің бірі. Ислам әлемі жұртшылығына кеңінен таныс бұл мешіттің аумағы 5 000 шаршы метр. Ол бір мезетте 300 мың адамды қабылдай алады.

ZAHIR - Малайзиядағы көпшілік қадір тұтатын мешіттердің бірі. Жыл сайын онда Құранды жатқа оқушылар фестивалі өткізіліп тұрады. Бұл шеті әлемдегі ең әдемі он мешіт қатарына кіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны