05.09.2007, 14:29 2879

Ұлттық банк "ОТАН ОРДЕНІ"атты номиналы 50 теңгелік монетаны шығарды

Ұлттық банк "ОТАН ОРДЕНІ"атты номиналы 50 теңгелік монетаны 2007 жылғы 4 қыркүйекте айналысқа шығарды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 5-қыркүйек. АЛМАТЫ. Ұлттық банк "ОТАН ОРДЕНІ"атты номиналы 50 теңгелік монетаны 2007 жылғы 4 қыркүйекте айналысқа шығарды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Монета ақ түсті "нейзильбер" қоспасынан дайындалған, диаметрі - 31 мм, қалыңдығы - 2 мм, массасы - 11,7 грамм, таралымы - 50 мың дана.

Ұлттық банктің сипаттамасына сәйкес, монетаның бет жағында (аверсінде) жоғарғы бөлігіне Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін "50" деген сан және оның үстінде "ТЕҢГЕ" деген жазу жазылған. Номиналдың сол және оң жағында ұлттық ою-өрнектің элементі жалтыратып салынған. Мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген жазу айналдыра жазылған және шығыңқы жиек бар.

Монетаның сырт жағының (реверсі) орта тұсында "Отан" ордені бейнеленген. Жоғарғы бөлікте ұлттық ою-өрнек бенеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде "ОТАН ОРДЕНІ", орыс тілінде "ОРДЕН ОТАН" деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін 2007 деген сандар орналасқан. Жазулар мен сандардың арасы нүктелермен ажыратылған. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурт) бүдірлі, 10 секторға бөлініп бүдірленген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны