Система Orphus

Ұлттық банк ресми қайта қаржыландыру ставкасын бұрынғы деңгейінде сақтай отырып, жылдық 10,5% деңгейінде белгілеуге қаулы шығарды

25.09.2008, 15:44 371

Алматы. 25 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің басқармасы 2008 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми қайта қаржыландыру ставкасын бұрынғы деңгейінде сақтай отырып, жылдық 10,5% деңгейінде белгілеуге қаулы шығарды, деп хабарлайды агенттік тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ресми қайта қаржыландыру ставкасының 10,5% деңгейінде сақталуы Ұлттық банктің инфляциялық қысымды төмендетудегі сенімділігін көрсетеді және қаржы нарығы үшін нарықтағы ахуалды тұрақтандыру туралы белгі болып табылады.

Ағымдағы жылдың қалған айларында Ұлттық банк айлық инфляция деңгейін 2007 жылғы тиісті көрсеткіштермен салыстырғанда төмен болады деп күтуде. Бұл жылдық инфляцияның 2008 жылдың аяғына дейін едәуір баяулауына, 2009 жылы кейіннен одан әрі төмендей беруіне себепші болады.

Ресми қайта қаржыландыру ставкасы соңғы рет 2008 жылғы 1 шілдеден бастап төмендеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны