21.12.2012, 14:41 3348

Ұлттық банк "Тамғалы Петроглифтері" мен ҰҚШҰ 10 жылдығына арналған ескерткіш күміс монеталарды айналымға шығарды

ҚР Ұлттық банкі 20 желтоқсаннан бастап "Тамғалы Петроглифтері" екі ескерткіш күміс монетасын, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа (ҰҚТШ) қол қоюдың 20 жылдығына және Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) 10 жылдығына арналған ескерткіш күміс монетаны айналымға шығарғаны туралы хабарлама таратты.

Алматы. 21-желтоқсан. Kazakhstan Today - Ұлттық банк "Тамғалы Петроглифтері" мен ҰҚШҰ 10 жылдығына арналған ескерткіш күміс монеталарды айналымға шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, ҚР Ұлттық банкі 20 желтоқсаннан бастап "Тамғалы Петроглифтері" екі ескерткіш күміс монетасын, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа (ҰҚТШ) қол қоюдың 20 жылдығына және Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) 10 жылдығына арналған ескерткіш күміс монетаны айналымға шығарғаны туралы хабарлама таратты.

Олар "Рroоf" сапасымен, 500 теңгелік номиналда шығарылып отыр. "Республика игілігі" монеталар сериясынан әрқайсысы 5 мың данадан шыққан "Тамғалы Петроглифтері" монеталарының пішіні төрт қырлы. Алтындатылған монетаның және бояу баспасы бар монетаның бет және сырт жақтарындағы бейнелер бірдей. Бет жағында, орталық бөлігінің жылтыр бетінде Қазақстан елтаңбасы мен мемлекеттік және ағылшын тілдеріндегі "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген жазулар бейнеленген. Монетаны айналдыра, стильдендірілген тас бетінде Тамғалы археологиялық ландшафтының петроглифтері салынған, ҚР Ұлттық банкінің логотипі, Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және төменгі жағында монетаның номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ" деген жазу жазылған. Жоғары жағында монета дайындалған металл мен оның сынамын білдіретін "Ag 925" деген жазу, соғылған жылын білдіретін "2012" деген сан, монетаның массасын білдіретін "50 g" ("24 g") деген жазу, Еуразия экономикалық қоғамдастығы елдерінің ресми эмблемасы (бояу баспасы бар монетада) бар.

Монеталардың сырт жағында орталық бөлігінде тастағы жарықшақты тесіп өскен гүлмен бірге "Көк тәңірі" петроглифі бейнеленген. Бояу баспасы жоқ монетада гүлдің бейнесі алтындатылған. Монетаны айналдыра мемлекеттік және ағылшын тілдерінде "ТАМҒАЛЫ ПЕТРОГЛИФТЕРІ" деген жазулар ойып жазылған. Жазулар нүктелермен бөлінген.

Таралымы 2 мың даналық ҰҚТШ пен ҰҚШҰ-ға арналған монетада Қазақстан елтаңбасы және мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген жазу бар. Монетаның төменгі жағында монетаның номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ" деген жазу жазылған. Номиналдың сол жағында Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі және монетаның массасын білдіретін "31,1 gr." деген жазу, оң жағында монета дайындалған металл мен оның сынамын білдіретін "Ag 925" деген жазу бар. Монетаны айналдыра моншақты шеңбер және шығыңқы жиек орналасқан. Сырт жағында орталық бөлігінде ҰҚШҰ эмблемасы, айналдыра орыс тілінде "20 ЛЕТ ПОДПИСАНИЯ ДОГОВОРА О КОЛЛЕКТИВНОЙ БЕЗОПАСНОСТИ" деген жазу және шартқа қол қойылған 20 жылдық кезеңді білдіретін "1992", "2012" деген сандар бар. Сырт жағында шығыңқы жиек және орыс тілінде "10 ЛЕТ ОРГАНИЗАЦИИ ДОГОВОРА О КОЛЛЕКТИВНОЙ БЕЗОПАСНОСТИ" деген жазу, Шарт ұйымының жылын және монетаның соғылған жылын білдіретін "2002" және "2012" деген сандар бар. Жазулар мен сандар нүктелермен бөлінген. Монетаның бет және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны