21.01.2016, 14:12 4325

Ұлттық банк валюталық операцияларға шектеу қоймайды - Д.Ақышев

Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық банкі шетелдік валютамен операция жүргізуге шектеу қоймайды. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз конференциясында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді

Астана. 21 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық банкі шетелдік валютамен операция жүргізуге шектеу қоймайды. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз конференциясында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Біз шетелдік валютамен қолма-қол операцияларға және депозиттен қаржы шешуге ешқандай шектеу қоюды қарастырып та, жоспарлап та отырған жоқпыз. Бұл заӊнама бойынша да, Қазақстанныӊ валюта қорын либерализациялау және тартымды инвестициялық климат жасау аясында қабылданған халықаралық міндеттемелер бойынша да мүмкін емес. Мұныӊ алдында айтқанымдай, қаржы және валюта нарығын тұрақтандыру мәселесі ел азаматтарыныӊ есебінен шешілмеуі керек", - дейді елдіӊ бас банкирі, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Сонымен бірге, ол Ұлттық банк жеке айырбас пунктерін жабуды жоспарлап отырмағанын да жеткізді. Сонымен қатар, 2016 жылдыӊ 1 ақпанынан бастап теӊгедегі депозиттердіӊ сыйақысы 10-нан 14 пайызға өсетіні белгілі болды, екінші деӊгейлі банктерде доллардыӊ сыйақысы екі пайызға төмендеді.

Айта кетейік, бүгінгі сауда-саттықта ұлттық валюта бағамы бір доллар үшін 383,23 теӊгені құрады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны